Бензин тасымалдайтын көлік жарылып, 94 адам көз жұмды

50 адам жарақат алды

Malim Админ

  • 17.10.2024

Қаза тапқандардың көбінің денесін күйік шалғаны сонша, оларды анықтау мүмкін болмады, деп хабарлайды ВВС.


Нигерияның солтүстігіндегі Джигава штатында бензин тасымалдаушы көлік жүргізушісінің оны басқара алмауынан аударылып қалды. Кем дегенде 94 адам қаза тауып, 50 адам жарақат алды.

«Біз бензин тасымалдаушы көлікке ешкімнің жақындамауы үшін бар күшімізді салдық, бірақ оқиға орнын қоршағанымызға қарамастан, адамдар жанармай жинауға кіріп кетті, одан кейін өрт шықты», - деді жергілікті полиция өкілі.

Нигериялық The Whistler басылымы штат полициясына сілтеме жасап 105 адамның қаза тапқанын хабарлады. Көлік жүргізушісі зардап шеккен жоқ. Ол тергеуге дейін қамауға алынды.

Атап өтілгендей, Нигерияда мұндай оқиғалар сирек емес. Мәселен, биылғы жылдың қыркүйегінде Нигер штатында бензин тасымалдаушы көліктің мал мен адамдар тасымалдаған жүк көлігімен соқтығысуы салдарынан 59 адам қаза тапты. Жергілікті биліктің мәліметінше, 2020 жылы Нигерияда бензин тасымалдаушы көліктердің қатысуымен 1531 апат болған. Жалпы алғанда 535 адам қаза болды.

Фото: freepik

Байланысты жаналықтар

Трамптың Путин мен Зеленскийге көңілі толмай отыр

01.04.2025

Сауд Арабиясындағы АҚШ - Ресей келіссөзі аяқталды

25.03.2025

Германияда үш жасөспірім лаңкестікке қатысты түрмеге қамалды

23.03.2025

30 күндік атысты тоқтату. Трамп Путиннің соңғы шешімін күтіп отыр

17.03.2025

"Тозақ қақпасы", "Шайтан көпірі". Әлемдегі ең қорқынышты жерлер

07.03.2025

«Дұрыс емес ақпаратты тарату». Қырғызстан президенті «Азаттық» радиосын жабу ұсынысын құптады

11.02.2025
MalimBlocks
Трамптың Путин мен Зеленскийге көңілі толмай отыр

Сауд Арабиясындағы АҚШ - Ресей келіссөзі аяқталды

Германияда үш жасөспірім лаңкестікке қатысты түрмеге қамалды

Шабуыл жасау үшін олар бірнеше қаланы таңдаған

30 күндік атысты тоқтату. Трамп Путиннің соңғы шешімін күтіп отыр

"Тозақ қақпасы", "Шайтан көпірі". Әлемдегі ең қорқынышты жерлер

«Дұрыс емес ақпаратты тарату». Қырғызстан президенті «Азаттық» радиосын жабу ұсынысын құптады

Жапаров «Азаттықтың» дәурені біткенін айтты