Бішкекте шетелдіктерге шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды

Бірнеше күн бұрын Бішкекте шетелдіктердің қатысуымен төбелес шыққан.

Malim Админ

  • 21.05.2024

Қырғызстан полициясы шетелдіктерге шабуыл жасады деген күдікпен елдің үш азаматын ұстады, деп хабарлайды Kabar ақпарттық агенттігі. 

2005 және 2006 жылы туған үш жігіт ұсталған.

Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс бойынша тергеу жүріп жатыр, - делінген хабарламада.

Бұған дейін полиция бұл факт бойынша Қырғызстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 207-бабы ("Тонау") бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған болатын.

Айта кетейік, бірнеше күн бұрын Бішкекте шетелдіктердің қатысуымен төбелес шыққан.

Оқиға хостелдердің бірінің ауласында болған. Қырғыз БАҚ-ы таратқан хабарламада бірнеше жергілікті тұрғын соққыға жығылғаны айтылған.

18 мамырға қараған түні осы жайтқа байланысты қалада шетелдіктерге қарсы стихиялы наразылық басталды. Шетелдіктерден кек алмақ болған жүзден астам жігіт төбелес шыққан хостел маңындағы көшеге жиналды.

Тәртіп сақшылары наразылыққа шыққандарды таңға жуық таратқан.

Құқық қорғаушылардың мәліметінше, наразылық шарасына барлығы мыңға жуық адам қатысқан. Төбелес шығарған шетелдіктер ұсталып, қырғыз халқынан кешірім сұрап, видеоүндеу жариялаған.

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қырғызстанмен шекарадағы жағдай туралы мәлімдеме жасап, пәкістандық студенттер тобының Қырғызстаннан Қазақстанға өтуге жиналып жатқаны туралы кейбір БАҚ-та жарияланған ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

Фото: видеодан кадр

Байланысты жаналықтар

Бішкекте қазақ кәсіпкері Ерқанат Жұмабековке іздеу жарияланды

15.05.2025

"Екі араға от салғысы келетін арандатушылар бар": Жапаров Кенесары хан туралы мәлімдеме жасады

15.05.2025

Қырғызстан мен Тәжікстанда Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өтіп жатыр

08.05.2025

Алматыдан 544 шақырым қашықтықта жер сілкінді

06.05.2025

Алматы облысында жер сілкінді

01.05.2025

Талғарда жұрт көзінше ер адамды ұрып-соққандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды

29.04.2025
MalimBlocks
Бішкекте қазақ кәсіпкері Ерқанат Жұмабековке іздеу жарияланды

"Екі араға от салғысы келетін арандатушылар бар": Жапаров Кенесары хан туралы мәлімдеме жасады

Қырғызстан мен Тәжікстанда Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өтіп жатыр

Бішкектегі парадқа 3 мың әскери қызметкер, ал Душанбеде 4,5 мың адам қатысып жатыр

Алматыдан 544 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Алматы облысында жер сілкінді

Талғарда жұрт көзінше ер адамды ұрып-соққандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды