Оңтүстік Корея Президенті әскери жағдай жариялағаны үшін халықтан кешірім сұрады

Ол телеарналар арқылы халыққа үндеу жасады

Мәди Саматұлы

  • 07.12.2024

Оңтүстік Корея Президенті Юн Сок Ёль осы аптада әскери жағдай жариялап, халық арасында алаңдаушылық туғызғаны үшін кешірім сұрап, мұндай әрекетті қайта жасамауға уәде берді, деп хабарлайды Malim.kz Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.

Халықтың қатты таңғалғанын түсінемін және шын жүректен кешірім сұраймын, деді Юн 7 желтоқсан күні, парламентте өзінің импичменті туралы дауыс беру қарсаңында жасаған теледидар арқылы үндеуінде.

Президенттің айтуынша, сейсенбі күні түнде жарияланған әскери жағдай 6 сағаттан кейін Ұлттық Ассамблеяның қарсы шешімінен соң тоқтатылған.

Ол әскери жағдайға байланысты құқықтық және саяси жауапкершіліктен жалтармайтынын айтып, елдегі тұрақтылықты сақтау үшін өз болашағы мен мерзімін партиясына тапсырғанын мәлімдеді.

Юн Сок Ёль 2022 жылдың мамыр айындабес жылдық бір мерзімге сайланған болатын.

Фото: eng.president.go.kr

Байланысты жаналықтар

"Бірқатар ұтымды жоба ұсына аламыз". Тоқаев Словения президентімен не туралы сөйлесті?

31.03.2025

Ақорда Словения президентін салтанатты түрде қарсы алды

31.03.2025

"Назарбаев Университетінің" президенті Үкімет жанындағы құрылымға мүше болды

29.03.2025

Тоқаев Корея халқына көңіл айтты

28.03.2025

Ертең Тоқаев Мирзиёевпен Алматыда кездеседі

28.03.2025

Оңтүстік Кореяда төрт қазақстандық қаза тапты

27.03.2025
MalimBlocks
"Бірқатар ұтымды жоба ұсына аламыз". Тоқаев Словения президентімен не туралы сөйлесті?

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Наташа Пирц-Мусар шағын құрамда келіссөз жүргізді

Ақорда Словения президентін салтанатты түрде қарсы алды

«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Словения президенті Наташа Пирц-Мусарды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

"Назарбаев Университетінің" президенті Үкімет жанындағы құрылымға мүше болды

"Назарбаев Университеті" президенті Ахмад Вакарға үкімет жанындағы құрылымнан лауазым беру туралы шешім қабылданды

Тоқаев Корея халқына көңіл айтты

Ертең Тоқаев Мирзиёевпен Алматыда кездеседі

29 наурызда Алматыда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің бейресми кездесуі өтеді

Оңтүстік Кореяда төрт қазақстандық қаза тапты