Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёльді тұтқындауға тергеушілер келді

Бірақ президент күзеті оларды кіргізбей тұр

Мәди Саматұлы

  • 03.01.2025

Оңтүстік Кореяның тергеушілері 3 қаңтарда ел президенті Юн Сок Ёльді тұтқындау үшін Сеулдегі оның резиденциясына келді. Бұл туралы Yonhap жазды, деп хабарлайды Malim.kz.

Оңтүстік Кореяның жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлердің қылмыстық істер бойынша тергеу қызметі (CIO) мен полиция қызметкерлері Юнның резиденциясына жергілікті уақытпен 7:20 шамасында келген. Сағат 8:00 шамасында 50 адамнан тұратын тергеу тобы резиденцияның ауласына кіргенімен, оларды әскер тоқтатқан. Одан соң тергеушілер екі әскери қорғаныстан өтсе де оларды Юнның күзеті қайта кедергі жасап жібермей тұр.

Yonhap агенттігінің хабарлауынша, полиция президент резиденциясының айналасында тәртіпті сақтауға 45 арнайы күштер бөлімшесі мен 2,7 мың қызметкерді жұмылдырған. Резиденцияның маңында Юнның 1,2 мыңға жуық жақтасы жиналып, «президентті қорғауды» және «импичментті жоюды» талап еткен.

Сеулдің Батыс аудандық соты 31 желтоқсанда CIO-ға Юн Сок Ёльді тұтқындауға ордер берген еді. Ел президентін үш рет тергеуге шақырып, келмегеннен кейін ұстауға ордер беріліп отыр. Юнға бүлік шығару және билікті асыра пайдалану сияқты айыптар тағылған.

Оңтүстік Корея тарихында алғаш рет қызметтегі президентке тұтқындау ордері шығарылып отыр. Сондай-ақ, тергеу органдары тінту жүргізуге де ордер алған.

Фото: Kim Hong-Ji/REUTERS

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Мажарстанға барады

19.05.2025

Режиссер Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізілмейді - Антикор

18.05.2025

Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

17.05.2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

17.05.2025

"Екі араға от салғысы келетін арандатушылар бар": Жапаров Кенесары хан туралы мәлімдеме жасады

15.05.2025

Әлемдегі ең кедей президент қайтыс болды

14.05.2025
MalimBlocks
Тоқаев Мажарстанға барады

Режиссер Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізілмейді - Антикор

Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

"Екі араға от салғысы келетін арандатушылар бар": Жапаров Кенесары хан туралы мәлімдеме жасады

Әлемдегі ең кедей президент қайтыс болды