Путин Украинадағы атысты біржақты түрде тоқтатты

Арман Қайыпхан

  • 28.04.2025

Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы соғыс қимылдарын 8-10 мамыр аралығында біржақты түрде тоқтататынын мәлімдеді. Бұл туралы 28 сәуірде Кремльде жарияланған ресми мәлімдемеде айтылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Кремльдің түсіндіруінше, бұл шешім Екінші дүниежүзілік соғыстағы Германия үстінен Жеңістің 80 жылдығын мерекелеуге байланысты қабылданған.

«Ресей Федерациясы Қарулы күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Владимир Путиннің шешімімен, гуманитарлық мақсаттарды негізге ала отырып, 80 жылдық Жеңіс мерекесі күндері 7-нен 8 мамырға қараған түні сағат 00:00-ден бастап, 10-нан 11 мамырға қараған түні сағат 00:00-ге дейін Ресей тарапы атысты тоқтататынын жариялайды», — делінген мәлімдемеде.

Құжатқа сәйкес, Ресей Украинадағы барлық әскери іс-қимылды тоқтатады. Мәскеу Киевті де осы мысалды ұстануға шақырды. Алайда, егер Украина тарапы бітімді бұзса, Ресей Қарулы күштері тиісті әрі тиімді жауап қайтаратынын Кремль мәлімдеді.

Бұған дейін Ресей Пасха мерекесіне орай 19-21 сәуір аралығында атысты тоқтату туралы біржақты шешім қабылдаған болатын. Украина президенті Владимир Зеленский сол кезде бітімге қосылуға келісіп, оны ұзартуды ұсынған еді. Бірақ Зеленский Мәскеуді Пасха бітімін екі мыңнан астам рет бұзды деп айыптаған.

Соған қарамастан, Зеленский Мәскеуге жаңа бастама ұсынды:

30 күнге азаматтық инфрақұрылымдарға дрондар мен зымырандармен соққы беруді тоқтату, әрі бұл мерзімді ұзарту мүмкіндігін қарастыру.
Алайда 21 сәуірде Ресей Украина аумағына қайтадан дрон соққыларын бастаған.

Фото: Vyacheslav Prokofyev/Sputnik/Reuters

Байланысты жаналықтар

Ердоған: Соғыс Киев пен Мәскеудің тікелей келіссөзі арқылы аяқталуы керек

15.05.2025

Зеленский Анкараға жетті

15.05.2025

Путин мен Трамп Украина бойынша келіссөздер жүргізу үшін Ыстамбұлға бармайтын болды

15.05.2025

Стамбұлдағы келіссөзге Ресейден кім баратыны әлі белгісіз

14.05.2025

Украина­ның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне сот үкімі шықты

13.05.2025

Ливияда қақтығыс болып, қауіпсіздік қызметінің басшысы қаза тапты

13.05.2025
MalimBlocks
Ердоған: Соғыс Киев пен Мәскеудің тікелей келіссөзі арқылы аяқталуы керек

Зеленский Анкараға жетті

Путин мен Трамп Украина бойынша келіссөздер жүргізу үшін Ыстамбұлға бармайтын болды

Стамбұлдағы келіссөзге Ресейден кім баратыны әлі белгісіз

Украина­ның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне сот үкімі шықты

Ливияда қақтығыс болып, қауіпсіздік қызметінің басшысы қаза тапты