Қытай ғарыш кемесінің жаңа түрін шығарады

Ұзындығы 10 метр, ені 8 метр жүк кемесінің салмағы бұрынғы үлгілерден едәуір жеңіл

Malim Админ

  • 15.11.2024

                       Сурет Жэньминь Жибао сайтынан алынды

Қытай инженерлері «Хаолун» жүк кемесінің жобасын аяқтап, оның құрылысын бастады. Бұл туралы Қытайдың «Халық газеті» (Жэньминь Жибао) жазды.

"Хаолун" үлгісі Чжухайдағы Қытай халықаралық аэроғарыш көрмесінде таныстырылды. Газеттің жазуынша ұзындығы 10 метр, ені 8 метр жүк кемесінің салмағы бұрынғы үлгілерден едәуір жеңіл.

Қытай авиациялық индустрия корпорациясы бас директорының орынбасары Чжан Цзычаоның айтуынша, «Хаолун» жүк тасымалдаушы ғарыш кемесі Қытай ғарыш станциясына өз бетінше қонып, сондай-ақ жерге өз бетінше орала алады, бұл жүкті орбитаға жеткізуге өте қолайлы. Жүк кемесін бірнеше рет пайдалануға болады. Бұл ғарыш станциясына жүк тасымалдаудың жалпы құнын айтарлықтай төмендетеді.

«Хаолун» ғарыш кемесінің бас конструкторы Фан Юанпэн оны әзірлеуде ғарыш пен ұшақтың ерекшеліктері ескерілген дейді. «Хаолун» зымыран-тасығыштың көмегімен орбитаға еркін шығады және ұшақ сияқты әуежайдың ұшу-қону жолағына қонуға қабілетті.

MalimBlocks
Джефф Безос Илон Масктен оза ма?