Қытайдағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 95 адамға жетті

Одан бөлек, 130 адам жарақат алған

Мәди Саматұлы

  • 07.01.2025

Сейсенбі күні сағат 15:00 жағдай бойынша, Қытайдың оңтүстік-батысындағы Динжи уезінде таңертең болған 6,8 магнитудасындағы жер сілкінісі нәтижесінде қаза тапқандар саны 95 адамға жетті. Ал жарақат алғандар 130 адам. Бұл туралы «Синьхуа» агенттігі жазды, деп хабарлайды Malim.kz.

Жер сілкінісі Бейжің уақытымен таңғы 09:05-те болған. Эпицентрі Шигадзе қаласындағы Дингри ауданындағы Цого ауылында орналасқан. Эпицентрден 20 км радиуста 27 ауылда шамамен 6900 адам тұрады. Ресми мәліметтер бойынша, Дингри ауданында 61 000-нан астам адам шоғырланған.

Жер сілкінісіне байланысты баспасөз мәслихатында хабарланғандай, зардап шеккен аймаққа 3400-ден астам құтқарушы және 340-тан астам медициналық қызметкер жіберілген.

Айта кетейік, Қытайдың оңтүстік-батысындағы Шигацзе қаласындағы Динжи уезінде магнитудасы 6,8 балдық жер сілкінісі болғанын бұған дейін жазған едік.

Әуелгі мәлімет бойынша 53 адам қаза тауып, тағы 62 адам түрлі дәрежеде жарақат алған болатын.  

Фото: english.news.cn

Байланысты жаналықтар

Қытай Трампқа жауап ретінде Boeing ұшақтарын сатып алуды тоқтатты

15.04.2025

Тәжікстанда жер сілкінісінен 3 жасар бала қаза тауып, 30 ғимарат қирады

13.04.2025

Шымкент және Тараз тұрғындары жер сілкінісін сезді

13.04.2025

"Жақсы болмайды". Ақ үй Қытайға тағы бір ескерту жасады

12.04.2025

Қытай АҚШ импортының баж салығын 125 пайызға дейін көтерді

11.04.2025

Қарттар үйінен өрт шығып, 20 адам қаза тапты

10.04.2025
MalimBlocks
Қытай Трампқа жауап ретінде Boeing ұшақтарын сатып алуды тоқтатты

Тәжікстанда жер сілкінісінен 3 жасар бала қаза тауып, 30 ғимарат қирады

Тәжікстанның шығысында жер сілкінісінен үш жасар бала қаза тапты, 30 үй мен бір мектеп қирады

Шымкент және Тараз тұрғындары жер сілкінісін сезді

"Жақсы болмайды". Ақ үй Қытайға тағы бір ескерту жасады

Қытай АҚШ импортының баж салығын 125 пайызға дейін көтерді

Қарттар үйінен өрт шығып, 20 адам қаза тапты

Қытайдың солтүстігіндегі Хэбэй провинциясындағы қарттар үйінен өрт шығып, 20 адам қаза тапты