«Шетел агенті» туралы заң: Грузиядағы халық толқуы үдеп барады

Көлік қозғалысы тоқтап, жолдар жабылған.

Malim Админ

  • 16.05.2024

Грузия парламентінің «Шетел агенті» заң жобасы елдегі наразылықты ушықтырып жіберді. Жұрт парламент ғимаратын басып алуға оқталған. Полицияның демонстранттарға күш қолданғаны айтылды, деп хабарлайды Malim.kz Азаттық-қа сілтеме жасап.

Көлік қозғалысы тоқтап, жолдар жабылған.

Еске салсақ, 14 мамырда Грузия парламенті соңғы үшінші оқылымда "Шетел ықпалының ашықтығы туралы" даулы заң жобасын мақұлдады.

Сыншылар оны Ресейдегі «Шетел агенті туралы» заңға теңейді.

Құжатты қолдап 150 депутаттың 84-і дауыс берді, олар — заң жобасын ұсынған «Грузия арманы» партиясының өкілдері мен олардың одақтастары. Заң жобасына 30 депутат қарсы дауыс берген.

Бұған дейін Грузия президенті Саломе Зурабишвили заңға вето қоюға уәде берген, бірақ билеуші партия вето құқығынан асып түсетін дауыс санына ие. Егер президент заңға қол қоймаса, оған парламент төрағасы қол қойып, жариялайды.

Заң жобасы шетелден кемі 20 пайыз қаржы алатын ақпарат құралдары мен үкіметтік емес ұйымдардан "шетелдік ықпалы бар агент" ретінде тіркелуді талап етеді.

Заң жобасын ұсынғандар құжат Грузияны шетелден қаржы алатын наразылықтардан, радикал партиялар мен үгіт-насихат жүргізетін БАҚ-тардан қорғауға қажет дейді. Заң бұзғандарға үлкен айыппұл салынады. Авторлар құжат Ресей емес, Америка заңнамасына ұқсас дейді.

Желтоқсан айында Грузияға одаққа қосылудан үміткер мәртебесін берген Еуроодақ бұл заң ЕО-ның құндылықтарына қайшы келетін және елді бұл Одаққа мүше болу үмітінен айыратын құжат деп сынаған.

Заң жобасына он мыңнан астам грузин азаматы қарсы шықты. Бір айдан бері наразылар түрлі қалада Грузия мен Еуроодақ туын ұстап, «Ресей заңын» қабылдамауды талап етіп келеді. Наразылық кезінде полиция демонстранттарға жас ағызатын газ бен су шашып, резеңке оқ қолданды.

2023 жылы наурызда Грузия парламенті бұл заң жобасын бірінші оқылымда қабылдаған соң елде жаппай наразылық басталған. Кейін парламенттегі «Грузия арманы» партиясы және «Халық күші» қозғалысы заң жобасын кері қайтарып, артынша қайта ұсынған.

 

Фото: Shakh Aivazov/AP/dpa/picture alliance

Байланысты жаналықтар

Қостанай өңірінде заңсыз иеленген ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке өтті

17.05.2025

Министр қыз алып қашқандарды 7 жылға дейін соттауды қолдады

16.05.2025

Бет-жүзін тұмшалап жүретін адамдарға шектеу қойыла ма? министрлік жауап берді

11.05.2025

Польшада мыңдаған адам заңсыз көші-қонға қарсы митингке шықты

11.05.2025

Сотталғандарды колонияларда ұстау ережелеріне өзгерістер енгізіледі

09.05.2025

АҚШ-тағы Қазақстан елшілігі заңсыз жүрген азаматтарға үндеу жасады

07.05.2025
MalimBlocks
Қостанай өңірінде заңсыз иеленген ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке өтті

Министр қыз алып қашқандарды 7 жылға дейін соттауды қолдады

Бет-жүзін тұмшалап жүретін адамдарға шектеу қойыла ма? министрлік жауап берді

Польшада мыңдаған адам заңсыз көші-қонға қарсы митингке шықты

Олар президенттікке үміткер Кароль Навроцкийдің есімін айтып ұрандатты

Сотталғандарды колонияларда ұстау ережелеріне өзгерістер енгізіледі

АҚШ-тағы Қазақстан елшілігі заңсыз жүрген азаматтарға үндеу жасады