freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Иран Трамптың атысты тоқтату туралы ұсынысын қабылдамады

Әлем
Иран Трамптың атысты тоқтату туралы ұсынысын қабылдамады
Фото: REUTERS

Иран АҚШ президенті Дональд Трамп ұсынған атысты тоқтату бастамасынан бас тартты. Мұны The New York Times Иран мен Ирактың ресми өкілдеріне сілтеме жасап хабарлаған, деп жазады Malim.kz.

Басылым мәліметінше, Вашингтонның ұсынысын Тегеранға Ирак премьер-министрі Али аз-Заиди жеткізген. Ол бұған дейін Ақ үйге барып, Дональд Трамппен кездескен. Алайда АҚШ тарапы ұсынған шарттардың нақты мазмұны жарияланған жоқ.

Иран шенеуніктерінің айтуынша, бұл Тегеран қарастырған жалғыз ресми ұсыныс болған. Дегенмен Иран уақытша бітімге келуге мүдделі емес екенін білдірген. Себебі мұндай келісім Ормуз бұғазын бақылау мәселесін түбегейлі шешпейді.

Иранның Сыртқы істер министрі Аббас Арагчи де Ирак премьер-министрінің Вашингтон ұстанымын жеткізгенін растады. Оның сөзінше, келісімге келуге арағайындардың жетіспеуі емес, АҚШ-тың тым қатаң әрі біржақты талаптары кедергі болып отыр.

АҚШ пен Иран арасындағы қарым-қатынас биыл ақпан айында күрт нашарлады. Маусымда тараптар уақытша бітімге келгенімен, бірнеше аптадан кейін әскери іс-қимылдар қайта жалғасты.

Шілденің ортасынан бері АҚШ әскері Иран аумағындағы әскери нысандарға тұрақты түрде соққы жасап келеді. Вашингтон бұл операциялардың мақсаты Иранның әскери инфрақұрылымын әлсірету және Ормуз бұғазындағы коммерциялық кеме қатынасын қорғау екенін мәлімдеді.

Ал Иран Таяу Шығыстағы АҚШ әскери нысандарына жауап соққылар жасап, қақтығыстың ушығуына Вашингтонды кінәлап отыр.

Соған қарамастан, Тегеран дипломатиялық бастамаларды қарастыруға дайын екенін бірнеше рет мәлімдеген. Алайда Иран тарапы АҚШ елдің ядролық немесе стратегиялық нысандарына шабуыл жасайтын болса, аймақтағы америкалық базаларға жауап соққы берілетінін ескертті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу