Таяу шығыстағы келіссөз: Израиль мен ХАМАС келісімге келе ме

Катар, Египет және АҚШ билігі Израиль мен Палестинаның ХАМАС (көптеген мемлекеттер террорлық ұйым деп таныған) тобын Газа секторындағы атысты тоқтатуға шақырды. Олар өткен жылдың 7 қазандағы шабуыл кезінде тұтқынға алынған израильдіктерді босату туралы келіссөздерді қайта бастауды ұсынды.

  • 09.08.2024

"Біз тараптарды 15 тамызда Доха немесе Каирде олқылықтарды жою және келісімді кідіріссіз орындау үшін шұғыл түрде келіссөздерді қайта бастауға шақырдық", - деп жазылған мәлімдемеде.

Өткен аптада Тегеранда ХАМАС көшбасшысы Исмаил Хания өлтірілгеннен кейін аймақтағы шиеленісті азайту мен болдырмау туралы келіссөздерді қайта бастау жайы көтеріліп отыр.

Иран билігі мен ливандық "Хезболла" ХАМАС-тың бұрынғы басшысы Ханияның өліміне қатысы барын мойындамаған Израилден кек қайтарамыз деп доқ көрсеткен.

Осы аптада АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Иран мен Израилді Таяу Шығыстағы шиеленісті күрделендіруден аулақ болуға шақырды.

"Біздің үш команда негіздемелік келісімді әзірлеу үшін бірнеше ай бойы тынымсыз жұмыс істеді. Енді оны іске асыру ғана қалып қалып отыр. Бұл келісім 2024 жылдың 31 мамырында Президент Байден белгілеген және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2735 қарарымен мақұлданған принциптерге негізделген" , - деп жазылған үш елдің ортақ мәлімдемесінде.  

Израиль премьер-министрінің Кеңсесі Беньямина Нетаньяху елдің делегациясы 15 тамызда келіссөздер жүргізетінін атады.

"АҚШ пен тараптардың ұсынысына сәйкес, Израиль 15 тамызда келіссөз жүргізетін делегациясын кезедесу өтетін жерге жөнелтеді", - деп атады Израиль тарапы.

Дегенмен бұған қатысты ХАМАС өкілдері әлі түсініктеме берген жоқ.

Таяу Шығыс пен америкалық өкілдер Хания қазасына байланысты бітімгершілік келісіміне қол жеткізу оңай болмайтынын мәлімдеді.  

Израиль билігі топтың жаңа жетекшісі Яхия Синварды ХАМАС-тың бұрын-соңды болмаған шабуылын ұйымдастырушы деп есептейді. Олардың пікірінше, 1200-ден астам адам қаза тауып, 251 израильдік кепілге алынған шабуылдың артында Яхия тұр.

ХАМАС көшбасшысынан бөлек, Бейрутта өлтірілген командир Фуад Шукр үшін де кек алуды көздеген "Хезболланың" қандай әрекетке баратынын қазірде болжау қиын.

Politico басылымы дереккөздерге сілтеме жасай отырып, «Иран өзінің жоспарларын өзгерткен болуы ықтимал» деп жазды. Ал CNN "Хезболла" Тегеранның ұстанымына қарамастан, Израильге соққы беруі мүмкін деп хабарлады.

Фото: ВВС 

Ақпарат ВВС материалы негізінде аударылды 

Байланысты жаналықтар

АҚШ президенті Дональд Трамп Джо Байденге қолдау білдірді

19.05.2025

АҚШ-тың экс-президенті​​​​​​​ Джо Байденге қатерлі ісік диагнозы қойылды

19.05.2025

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

17.05.2025

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

16.05.2025

Путин мен Трамп Украина бойынша келіссөздер жүргізу үшін Ыстамбұлға бармайтын болды

15.05.2025

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025
MalimBlocks
АҚШ президенті Дональд Трамп Джо Байденге қолдау білдірді

АҚШ-тың экс-президенті​​​​​​​ Джо Байденге қатерлі ісік диагнозы қойылды

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесу "логистикалық мәселелерге" байланысты өтпей қалған

Путин мен Трамп Украина бойынша келіссөздер жүргізу үшін Ыстамбұлға бармайтын болды

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді