Тбилисидегі митинг: оппозиция жаңа сайлау өткізгелі жатыр

Сайлау нәтижесінде «Грузин арманы» партиясы билікте қалған болатын

Мадина Қайнарова

  • 29.10.2024

Кеше Тбилисидің орталығындағы Парламент ғимаратының жанында сайлаудың алдын-ала нәтижелеріне қатысты наразылық акциясы өтті.

Естеріңізге сала кетсек, сайлаудан кейін «Грузин арманы» басқарушы партиясы билікте қалды және үкіметті төртінші рет құра алады. Оппозиция мен елдің президенті дауыс берудің ресми қорытындыларын мойындаудан бас тартты және жаңа сайлау өткізуді талап етіп отыр. Бірақ бұл сайлауға Орталық сайлау комиссиясы қатыспасын дейді.

Тбилисидегі митингте «Бірлік — Ұлттық қозғалыс» партиясы көшбасшыларының бірі Джордж Вашадзе сөз сөйледі, ол Коалиция атынан елде «халықаралық сайлау әкімшілігінің басшылығымен» қайта сайлау өткізуді талап етті.

- Үкіметпен келіссөз тек халықаралық бақылаушылардың көмегімен жаңа сайлау өткізгенде ғана болады, - деп қосты ол.

Митингке ел президенті Саломе Зурабишвили де келді. Ол азаматтарды қатысуға шақыратын іс-шараны да өзі жариялаған еді. Жиылған жұрт оны ұранмен қарсы алды.

Президент өз сөзінде: «Біз сіздердің Конституциялық дауыс беру құқықтарыңызды қорғау үшін күресеміз. Бұл пессимизм танытатын уақыт емес, қазір сабырлы түрде бас көтеріп, өз дауысыңыды қорғау маңызды» деді.

Ол батыс басшылары да сайлау нәтижелерін мойындамайтынын айтып өтті. Дегенмен, әзірше Грузияның негізгі батыстағы серіктестерінің ешқайсысы мұндай мәлімдемелерді әлі ашық айтқан жоқ,

Бұған дейін президент АҚШ пен Еуропалық Одақ наразылықтарды қолдауы керек деп мәлімдеген болатын. Ол батыс саясаткерлерін басқарушы партиямен байланысын жаңартпауға шақырды.

Айта кетсек, аталмыш наразылық акциясынан бірнеше мың адам қатысты.

Фото: bbc.com

Байланысты жаналықтар

Польшада мыңдаған адам заңсыз көші-қонға қарсы митингке шықты

11.05.2025

Ватиканда жаңа Рим папасы сайланды

08.05.2025

Ватиканда жаңа Рим папасын сайлау рәсімі басталды

07.05.2025

Фридрих Мерц екінші талпыныстан кейін Германия канцлері болып сайланды

06.05.2025

Серік Сәпиев жаңа қызметке сайланды

27.04.2025

“Іш пысты”: Алтынай Жорабаева Грузияда тойдың қалай өтетінін айтты

24.04.2025
MalimBlocks
Польшада мыңдаған адам заңсыз көші-қонға қарсы митингке шықты

Олар президенттікке үміткер Кароль Навроцкийдің есімін айтып ұрандатты

Ватиканда жаңа Рим папасы сайланды

Ватиканда жаңа Рим папасын сайлау рәсімі басталды

Фридрих Мерц екінші талпыныстан кейін Германия канцлері болып сайланды

Серік Сәпиев жаңа қызметке сайланды

“Іш пысты”: Алтынай Жорабаева Грузияда тойдың қалай өтетінін айтты

Өнер иесін тойға арнайы шақырған