Трамп пен Путин қалай келісті?

Арман Қайыпхан

  • 18.03.2025

Сарапшы Нұргелді Әбдіғанидің жазуынша, АҚШ және Ресей президенттері осымен екінші жолы телефон арқылы сөйлесті. 2 сағаттан аса әңгімелескеннен кейін, қос тарап та әңгіменің негізгі тезистерін жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

АҚШ НЕ ДЕЙДІ?

Екі лидер де жанжалды тұрақты бейбітшілікпен аяқтау қажеттігіне келісті. Тараптар АҚШ пен Ресей арасындағы еларалық қарым-қатынастарды жақсарту керектігіне тоқайласты.  

Мемлекет басшылары бейбітшілікке қадам - энергетика мен инфрақұрылымдарға шабуылды тоқтатудан және Қара теңізде келісімге келу бойынша техникалық келіссөздерден басталады деп келісті. Сондай-ақ, тараптар атысты толықтай тоқтатып, тұрақты бейбітшілікке қарай қадам жасасуға келісті. Бұл келіссөздер дереу арада Таяу Шығыста басталатын болады!

Лидерлер болашақ қақтығыстардың алдын алудың және әріптестікті күшейтудің алаңы ретінде Таяу Шығыстың рөлі туралы әңгімелесті. 
 
Екі көшбасшы Иран ешқашан Израильді жоя алатын күшке ие болмауы керек деген пікірде.

Екі көшбасшы болашақта АҚШ пен Ресей арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың жақсаруынан үлкен үміт күтетінін айтты. 

РЕСЕЙ НЕ ДЕЙДІ?

Путин Трамптың Украина мен Ресей қос тараптан энергетикалық нысандар мен инфрақұрылымдарға шабуылды 30 күнге тоқтату туралы шартты қолдады және өз әскеріне бұйрық берді.

Ресей мен АҚШ соғысты шешу үшін сарапшылар топтарын құрмақ.

Путин де, Трамп та қарым-қатынасты қалыпқа келтіруге мүдделі екенін білдірді. Путин мен Трамп барлық мәселелер бойынша байланыста болуға келісті.

Мәскеу соғыстың өршуіне жол бермеудің негізгі шарты шетелдік әскерикөмекті толығымен тоқтату және Киевке барлау ақпаратын беруді тоқтатуды талап етті.

Путин Трампқа бітімге келген жағдайда Украинаны мобилизациялауды және Украинақарулы күштерін қайта қаруландыруды тоқтату қажеттігін айтты.

Тақырыпқа тұздық: Осының алдында Украиналық келіссөзші Андрей Ермак:

Украина ешқандайда нейтралды статусқа, әскер санын қысқартуға және Ресей оккупациялап алған аумақтарды мойындауға көнбейді, - деп кесіп айтқан болатын.

Фото: Elijah Nouvelage/Alexander Nemenov/AFP

Байланысты жаналықтар

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

17.05.2025

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

16.05.2025

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

16.05.2025

Пәкістан мен Үндістан атысты тоқтату мерзімін екі күнге ұзартты

16.05.2025

Ердоған: Соғыс Киев пен Мәскеудің тікелей келіссөзі арқылы аяқталуы керек

15.05.2025

Зеленский Ыстанбұлға келмейтін болды

15.05.2025
MalimBlocks
АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесу "логистикалық мәселелерге" байланысты өтпей қалған

Пәкістан мен Үндістан атысты тоқтату мерзімін екі күнге ұзартты

Ердоған: Соғыс Киев пен Мәскеудің тікелей келіссөзі арқылы аяқталуы керек

Зеленский Ыстанбұлға келмейтін болды