Украина Трамп ұсынған жоспардан бас тартса, АҚШ келіссөздерден шығады

Арман Қайыпхан

  • 23.04.2025

АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнстің мәлімдеуінше, егер Киев пен Мәскеу Ақ үй ұсынған бейбіт жоспарды қабылдамаса, Вашингтон Украина бойынша бейбіт келіссөздерден шығады. Бұл туралы ол 23 сәуірде Үндістанда өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

«Біз Ресей мен Украинаға нақты ұсыныс жасадық. Енді олар келісуі керек. Егер келіспесе, АҚШ бұл үдерістен кетуге мәжбүр болады», – деді Вэнс.

Оның айтуынша, бейбіт келісімге келу үшін аумақтық жеңілдіктер қажет. Украина да, Ресей де қазіргі бақылауындағы кейбір территориялардан бас тартуға тиіс. Бұл ретте шекара қазіргі майдан шебіне сәйкес келмеуі мүмкін.

«Екі тарап та қаруын тастап, жағдайды қатырып, шын мәнінде жаңа әрі жақсы Ресей мен Украина құруға кірісуі керек», – деп келтіреді Вэнстің сөзін Bloomberg.

Axios, The Telegraph және CNN хабарлауынша, 17 сәуір күні Парижде украин делегациясына ұсынылған Трамптың құпия бейбіт жоспары Киевтен ауқымды аумақтық жеңілдіктер жасауды көздейді.

Құжатта мынадай шарттар бар:

  • Қырымды Ресейдің бөлігі ретінде мойындау;
  • Луганск, Донецк, Херсон және Запорожье облыстарының басым бөлігін Мәскеудің бақылауында қалдыру;
  • Харьков облысының азғантай бөлігі Украинаның бақылауына қайтарылуы мүмкін;
  • Днепр өзенімен украин кемелерінің еркін қозғалысына мүмкіндік беру.

Фото: IMAGO/MediaPunch

Байланысты жаналықтар

Ердоған: Соғыс Киев пен Мәскеудің тікелей келіссөзі арқылы аяқталуы керек

15.05.2025

Зеленский Ыстанбұлға келмейтін болды

15.05.2025

Зеленский Анкараға жетті

15.05.2025

Путин мен Трамп Украина бойынша келіссөздер жүргізу үшін Ыстамбұлға бармайтын болды

15.05.2025

Стамбұлдағы келіссөзге Ресейден кім баратыны әлі белгісіз

14.05.2025

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025
MalimBlocks
Ердоған: Соғыс Киев пен Мәскеудің тікелей келіссөзі арқылы аяқталуы керек

Зеленский Ыстанбұлға келмейтін болды

Зеленский Анкараға жетті

Путин мен Трамп Украина бойынша келіссөздер жүргізу үшін Ыстамбұлға бармайтын болды

Стамбұлдағы келіссөзге Ресейден кім баратыны әлі белгісіз

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді