Украинадағы соғыс: Путин мен Трамп неге келісті?

Арман Қайыпхан

  • 18.03.2025

Кремль сайтында Владимир Путин мен Дональд Трамптың телефон арқылы келіссөздерінің нәтижелері туралы хабарлама жарияланды, деп хабарлайды Malim.kz.

Кремльдің мәліметінше, тараптар арасындағы жалғыз нақты келісім – Трамптың бастамасымен қақтығысушы екі елдің 30 күн бойы энергетикалық инфрақұрылым нысандарына соққы жасамау туралы ұсынысын Путиннің қолдауы болды.

Владимир Путин бұл бастаманы оң қабылдап, бірден ресейлік әскери күштерге тиісті бұйрық берді», – делінген хабарламада.

Алайда Кремль таратқан мәлімдемеде Вашингтонның қысымымен Украина келісім берген 30 күндік уақытша бітімге жол ашатын нақты уағдаластықтар туралы ақпарат жоқ.

Қақтығысты бейбіт жолмен шешуге деген принциптік ұстанымын растаған Ресей президенті ықтимал реттеу жолдарын американдық әріптестерімен бірлесе мұқият қарастыруға дайын екенін мәлімдеді. Бұл реттеу кешенді, тұрақты және ұзақ мерзімді сипатқа ие болуы тиіс», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Путин «дағдарыстың бастапқы себептерін жоюдың және Ресейдің қауіпсіздік саласындағы заңды мүдделерін ескерудің сөзсіз қажеттілігін» атап өтті.

Кремльдің мәліметінше, Путин Трампқа 19 наурызда Украина мен Ресей арасында «175 адамға 175 адам» формуласы бойынша әскери тұтқындар алмасу жоспарланғанын хабарлаған.

Сондай-ақ, Ресей «ізгі ниет белгісі» ретінде Киевке ауыр жараланған 23 украин сарбазын тапсыратынын мәлімдеді.

Фото: Elijah Nouvelage/Alexander Nemenov/AFP

Байланысты жаналықтар

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

17.05.2025

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

16.05.2025

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

16.05.2025

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

16.05.2025

Пәкістан мен Үндістан атысты тоқтату мерзімін екі күнге ұзартты

16.05.2025

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

16.05.2025
MalimBlocks
АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесу "логистикалық мәселелерге" байланысты өтпей қалған

Пәкістан мен Үндістан атысты тоқтату мерзімін екі күнге ұзартты

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті