Волгоград колониясындағы оқиғада лаңкестер қолынан 8 адам көз жұмды

Бүгінде лаңкестердің көзі жойылған

Мәди Саматұлы

  • 24.08.2024

Волгоград облысында ИК-19 колониясын басып алу кезінде кепілге алынған 8 адам көз жұмған, деп хабарлайды Malim.kz.

Террористер 4 тұтқынды (шабуылдан кейін оларды бастарын тақырлап, қолдарын артына байлап тастаған күйінде тапқан), сондай-ақ, түзеу колониясының 3 қызметкерді – Чернушкин Виктор (тәрбие бөлімінің бастығы), Кречетов Иван (күзет бөлімінің бастығы) және Кучма Андрейді (бастықтың қауіпсіздік және жедел жұмыс жөніндегі орынбасары) өлтірген.

Ресей Жазаны орындау федералды қызметінің қайтыс болған төртінші қызметкері Сергей Гордополов кейінірек алған жаратақынан ауруханада көз жұмған.

Айта кетейік, аталған колонияда 4 террорист 8 колония қызметкері мен 4 сотталушыны кепілге алғаны айтылған еді.

Baza телеграм-арнасының жазуынша, колонияны басып алған террористер өз құрбандарын арнайы таңдаған.

Мәселен, террористер федералды қызмет қызметкерлерінің арасында өлтіргісі келетіндердің тізімін алдын-ала дайындаған болуы мүмкін, өйткені, олардың «қысым жасағанын» айтқан.

Сондай-ақ, лаңкестердің бірі жазған бейне осы нұсқаны растай түседі. Онда азаптап, қысым жасағандары үшін өлтіргендерін хабарлайды.

Айта кетейік, клолониядағы лаңкестердің көзін жою операциясы жергілікті уақытпен сағат 16:00-де басталып, жарты сағатқа созылған. Әуелде 4 лаңкестің төртеуінің де көзі жойылғаны айтылған еді. Артынан алдын ала мәлімет бойынша, екеуі — Темур Хусинов пен Рустамчон Наврузидің аман қалуы мүмкін екені, дегенмен ауыр жарақат алғаны айтылды.

Фото: Росгвардия

Байланысты жаналықтар

Путиннің кеңесшісі: «КСРО ресми тараған жоқ»...

22.05.2025

Лавров: Ресей Украинадағы атысты тоқтатудан бас тартады

21.05.2025

Трамптың Украинадағы соғысқа қатысты жаңа ұстанымы: менің проблемам емес

21.05.2025

Еуроодақ Ресейге қарсы 130-дан астам санкциялық шара қабылдады

20.05.2025

Мәскеуде танымал стендап-комик Нұрлан Сабуров ұсталды

19.05.2025

Ресей Украинаға 200-ден аса дронмен шабуыл жасады

18.05.2025
MalimBlocks
Путиннің кеңесшісі: «КСРО ресми тараған жоқ»...

Лавров: Ресей Украинадағы атысты тоқтатудан бас тартады

Трамптың Украинадағы соғысқа қатысты жаңа ұстанымы: менің проблемам емес

Еуроодақ Ресейге қарсы 130-дан астам санкциялық шара қабылдады

Мәскеуде танымал стендап-комик Нұрлан Сабуров ұсталды

Ресей Украинаға 200-ден аса дронмен шабуыл жасады