Зеленский Ватиканда Трамппен не туралы сөйлескенін айтты

Сұлу Бөлек

  • 26.04.2025

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президенті Дональд Трамппен Ватиканда кездесіп, атысты толық әрі сөзсіз тоқтату мәселесін талқылағанын айтты, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

Зеленский әлеуметтік желідегі парақшасында Трамппен Ватикандағы кездесуі туралы жазды. Олар сол жерде Рим Папасы Францисктің жерлеу рәсіміне қатысу үшін жиналған болатын.

"Кездесу жақсы өтті. Бір-бірімізбен жеке отырып көптеген маңызды мәселені талқыладық. Айтылған әңгімеден нәтиже күтеміз. Бастысы – халқымыздың өмірін қорғау. Атысты толық және сөзсіз тоқтату", – деп жазды Зеленский Х әлеуметтік желісінде.

Ол бұл кездесуді "ортақ нәтижеге қол жеткізілсе, тарихи оқиғаға айналуы мүмкін" деп сипаттады. Зеленский Киев "ұзақ бейбітшілікке" үміт артатынын атап өтті.

"Рақмет, президент Дональд Трамп!" – деп жазды Украина президенті.

"Суспільне" телеарнасының тілшісіне берген сұхбатында Зеленский Трамппен өте "сезімтал мәселелер" талқыланғанын айтты.

"Біз шынымен жемісті кездесу өткіздік. Көп егжей-тегжей айтып бере алмаймын, себебі өте сезімтал сұрақтар талқыланды. Әрине, бейбітшілікті қалай жақындату керегі туралы әңгімелестік. Париж бен Лондонда өткен кездесулердің нәтижелерінің қаншалық оң болғанын талқыладық. Біз осындай кездесулерді жалғастырып, Украина үшін бейбітшілікке қол жеткізгіміз келеді", – деді Зеленский.

26 сәуірде Зеленский мен Трамп Ватикандағы Әулие Петр Базиликасында Рим Папасы Францискті жерлеу рәсімі алдында бетпе-бет кездескен. Кездесу шамамен 15 минутқа созылған.

Хабарламада екі ел көшбасшыларының "өте қысқа келіссөздер" жүргізгені және рәсімнен кейін талқылауды жалғастыруға келіскені айтылды. Айта кетейік, Трамп пен Зеленский Ақ үйдегі ақпан айындағы жанжалдан бері алғаш рет бетпе-бет кездесіп отыр.

Фото: видео кадры

Байланысты жаналықтар

Ресей Украинаға 200-ден аса дронмен шабуыл жасады

18.05.2025

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

17.05.2025

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

16.05.2025

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

16.05.2025

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

16.05.2025

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

16.05.2025
MalimBlocks
Ресей Украинаға 200-ден аса дронмен шабуыл жасады

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесу "логистикалық мәселелерге" байланысты өтпей қалған

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті