Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Әлеуметтік төлем үлкен көмек болды

Сұқбат
Әлеуметтік төлем үлкен көмек болды

Көкшетау қаласында тұратын Әсем Әлиева мемлекет тарапынан берілген 42 500 теңге мөлшеріндегі әлеуметтік төлем отбасы үшін үлкен көмек болғанын айтты.

«Елімізде карантин режимінің жариялануына байланысты берілетін 42 500 теңге мөлшеріндегі әлеуметтік төлемді кеше алдым. Бұл қаражат қазіргі уақытта отбасым үшін үлкен көмек болды. Киім-кешек сататын дүкенде сатушы болып жұмыс істеймін және карантинге байланысты жұмысымыз тоқтап тұр. Сондықтан еңбек демалысындамыз. Бірақ, еңбек демалысы уақытының аяқталуына байланысты енді ақысыз демалыстамыз десек те болады. Міне, осындай кезде мемлекет тарапынан берілген көмек үлкен демеу және отбасымызға бір айлық азық-түлік алуға жеткілікті», - деді ол.

Әсем жолдасымен 2 баланы тәрбиелеп отыр. Өздерінің жеке пәтерлері жоқ. Сондықтан оны жалдауға мәжбүр.

«Жолдасым қаладағы фирмалардың бірінде монтаждаушы болып жұмыс істейді. Алайда, оның табысы жалдап тұрып жатқан пәтеріміздің ақысына, коммуналдық төлем жасауға кетеді», - деді Әсем Әлиева.

Дереккөз:kazinform.kz

 

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу