Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алғабастағы алапат өрттен зардап шеккен 7 жастағы қыз да көз жұмды

Оқиға
Алғабастағы алапат өрттен зардап шеккен 7 жастағы қыз да көз жұмды

Түркістан облысының Алғабас ауылында 18 қараша күні болған өрттен зардап шеккен 7 жастағы қыз бала қайтыс болды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Осыдан 4 күн бұрын денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев кішкентай қыздың жағдайы өте ауыр екенін хабарлаған еді. Ол санитарлық авиация арқылы Жетісайдағы ауруханадан Шымкентке жеткізілген болатын. 

Облыстық балалар ауруханасына жеткізілген 7 жастағы қыз дәрігерлердің жедел шаралар қолданғанына қарамастан көз жұмды. Марқұмның мәйіті жедел жәрдем көлігімен ауылына жеткізілді. Оның денесі бүгін жер қойнына тапсырылды.

Айтп кетейік, 360 шаршы метрлік жеке үйде болған апат салдарынан 13 адам қаза тауып, 2 адам  ауруханада жатыр.   

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу