Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алимент төлеуден қашқандардың қарызы - 14 млрд теңге

Сұқбат
Алимент төлеуден қашқандардың қарызы - 14 млрд теңге

Қазақстанда алименттен жалтарғандардың мойнында   14 миллиард теңге қарыз бар.  Осы санаттағы 16 мың адамға  елден шығуға тыйым салынды, екі мыңнан астамы іздеуде жүр.  

Баланы асырау мәселесін бейбіт жолмен шешу кез келген ерлі-зайыптылардың қолынан келмейді. Бұл жағдайда дау сотта шешіледі. Әділет министрлігінің мәліметінше, қазір Қазақстанда балаларына 14 миллиард теңгеге жуық қарызы бар 80 мыңнан астам адам бар. Сот орындаушыларында 305 мыңға жуық атқарушылық құжат өндірісте жатыр. Өңірлер бойынша Астана мен Алматы борышкерлер саны жөнінен алда тұр. 

Заңгерлердің айтуынша, төлем көлемін азайту үшін нақты табысын әдейі төмендететін жағдайлар да көп.

«Көбінесе мәселе сот орындаушыларының алиментпен айналысқысы келмейтіндігінде, өйткені алимент туралы атқарушылық іс жүргізу мемлекеттен төленеді, бұл өте аз сома», - дейді адвокат Илья Лунев.

Заң тіпті жұмыссыз жүргендерді де алимент төлеуге міндеттейді. Сонымен қатар, борышкерге қылмыстық іс қозғау үшін үш ай ғана ақша аудармау жеткілікті. Ең жақсы жағдайда қоғамдық жұмыстарға тартылуы мүмкін, ең жаманы - екі жылға дейін бас бостандығынан айыру. 2022 жылы соттар жүзден аса қазақстандықты қылмыстық жауапкершілікке тартқан.       

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу