Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматы әуежайында ерлік көрсеткен азамат ушу бойынша чемпион болғаны белгілі болды

Қоғам
Алматы әуежайында ерлік көрсеткен азамат ушу бойынша чемпион болғаны белгілі болды

Алматы әуежайында пышақ ұстаған шабуылдаушыны залалсыздандырған ер адам ушу-саньда бойынша чемпион болғаны белгілі болды, деп хабарлайды Malim.kz Tengri Sport сайтына сілтеме жасап.

Бүгін сағат 11:45 шамасында Алматы әуежайының ішкі рейстер терминалында белгісіз ер адам тексеру аймағында қызметкерге шабуыл жасады. Осы сәтте Мұса Әбдірайым оны құтқару үшін өзін кепіл ретінде ұсынды. Кейін ол шабуылдаушының қолындағы пышақты тартып алып, оны залалсыздандырды.

Ерлік көрсеткен азаматтың ұлының айтуынша, оның әкесі "қытайлық кикбоксинг" деп те аталатын ушу-саньдамен айналысқан. Бұл – бірнеше жекпе-жек өнерінің техникасына негізделген ушудың жекпе-жек бағыты.

Қытай тіліндегі "саньда" сөзі "еркін соққылар" немесе "бекітілмеген тәсілдер" деген мағынаны білдіреді. Бұл спортта техниканы қолдануда шектеу өте аз.

Бұл өнердің тарихы VI ғасырдан басталады, бірақ "ушу-саньда" термині тек 1979 жылы ресми түрде бекітілді. Сол кезде Қытайдың мемлекеттік спорт комитеті ушудың жаңа спорттық форматын қалыптастыру туралы шешім қабылдаған.

Бұл спортта жаттыққан спортшылар аралас жекпе-жектерде (ММА) жиі кездеседі. Мысалы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов және қазіргі белсенді чемпион Ислам Махачев өз мансабын осы спорттан бастаған.

Мұса Әбдірайым – Қазақстан чемпионы. Ол "Елюхан" кәсіби-спорттық клубының тәрбиеленушісі. Мұса ушу-саньда мен муай-тай бойынша ел чемпионаттарында жүлдегер атанған, бірақ халықаралық деңгейде жоғары жетістіктерге жетпеген.

Қайрат Телеубаевтың айтуынша, Мұса кәсіби спортшы болмаса да, өзінің дайындығы мен батылдығының арқасында адам өмірін құтқарған.

Фото: видеодан кадр

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу