freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматы облысында тұрғын үйлердің ауласынан жыландар табылды

Қоғам
Алматы облысында тұрғын үйлердің ауласынан жыландар табылды
Фото: https://t.me/almatyobl_tjd

Алматы облысында тұрғын үйлердің аумағынан жыландар табылған екі жағдай тіркелді, деп хабарлайды Malim.kz.

112 пультіне жеке тұрғын үйлер аумағында жыландардың пайда болғаны туралы хабарламалар түскен.

Алғашқы жағдай Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Тескенсу ауылында болды. Екінші оқиға Қонаев қаласының 18-шағын ауданында тіркелген.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар арнайы құралдардың көмегімен бауырымен жорғалаушыларды ұстап алып, қауіпсіз жерге шығарды.

ТЖД мамандары жабайы жануарлар немесе жыландар анықталған жағдайда оларды өз бетінше ұстауға әрекет жасамауға шақырады. Мұндай жағдайда бірден 112 қызметіне хабар беру қажет.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу