Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматыда 20 мыңға жуық адам тұмау және ЖРВИ жұқтырды

Денсаулық
Алматыда 20 мыңға жуық адам тұмау және ЖРВИ жұқтырды

Алматы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, өткен аптада ЖРВИ, тұмау ауруларының 18 515 жағдайы тіркелген. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7,7 пайызға (16622 жағдай) жоғары. Сондай-ақ ресми дерекке сәйкес, тұмау жұқтырғандардың 60,5 пайызы - балалар (11195 жағдай).

Алматы қаласы бойынша қазіргі уақытта жедел респираторлық инфекциялардың бақылау деңгейінен аспайтын маусымдық өсуі байқалады. Қалада ЖРВИ мен тұмаудан бөлек риновирус, бокавирус, РС вирус, аденовирус, парагрипп, маусымдық коронавирустар айналымда жүр. Сондықтан аурудың алдын алу шараларын орындауға кеңес береміз, - деді Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Қасымхан Алпысбайұлы.

Фото: Мухтор Холдорбеков/ Kazinform

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу