Алматы қаласының Алатау ауданында көпқабатты тұрғын үйдің 10-қабатынан құлаған 20 жастағы бойжеткенге қатысты оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.
Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, бойжеткен тұрғын үй кешендерінің бірінде 10-қабаттан құлаған. Құлау кезінде ол алдымен бірінші қабаттағы металл қалқаға соғылып, кейін жерге түскен.
Зардап шеккен қыз жедел түрде ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта оның жағдайы ауыр, дәрігерлер өмірін сақтап қалу үшін қажетті ем-дом шараларын жүргізіп жатыр.
Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға алдында бойжеткен мен оның жігіті арасында жанжал болған. Қазір болған жайттың барлық мән-жайы анықталуда.
Аталған дерек бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.