Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматыда Конституция күніне арналған мерекелік концертке 10 мыңнан астам көрермен жиналды

Қоғам
Алматыда Конституция күніне арналған мерекелік концертке 10 мыңнан астам көрермен жиналды

Алматыда Абай алаңында Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығына арналған төрт сағаттық мерекелік концерт өтті, деп хабарлайды Malim.kz.

Іс-шара Мемлекеттік әнұранның орындалуымен басталды. Абай алаңындағы кеш ерекше бірлік пен мерекелік көңіл-күйге толы болды. Алғашқы сәттен-ақ көрермендер өнерпаздарға қосылып, ән шырқады, әрбір өнерді ду қол шапалақпен, ерекше қошеметпен қолдады.

Бірнеше буынға ортақ сүйікті әндер мыңдаған адамның даусымен бір арнаға қосылып, ерекше әсер сыйлады.

Концертке көптеген алматылықтар отбасымен келді – ата-аналар балаларымен, ата-әжелер немерелерімен, жастар достарымен бірге жиналып, мерекелік көңіл-күйді жақындарымен бөлісті.

Бағдарламада әр буын өкілдері бас қосты: халық әртістері, опера әншілері, домбырашылар, эстраданың жас жұлдыздары, би ұжымдары мен этно-ансамбльдер көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Бұл кеште сахнада Роза Рымбаева, Тамара Асар, Жанар Айжанова, Айгүл Қосанова, Жәмила Серкебаева, Мөлдір Әуелбекова, IL Canto квартеті, «МузАрт Life» тобы, Әли Оқапов, Temirlan & Yernat, Зарина Алтынбаева, Төлеген Рахымбаев, Мұса Сапаралы, Игорь Благодарный, Диана Шарапова, Рүстем Нұржігіт, Ақбота-Нұр Сейтмағанбет, Інжу Әнуарбек, Мақсат Базарбаев, Димаш Дәулетов, Өктем Алтаев, Лара Рысбай, Асхат Тарғын, Бейбітгүл Нұрымхожина, «Арқайым» дуэті, Абик Жексен, Дәурен Байбөрі, Талғат Күзембаев, Ерназар Жұбан өнер көрсетті.

Сонымен қатар «ASU» фольклорлық-этнографиялық ансамблі, «Сазген сазы» этно-ансамблі және AL Jazz Symphony эстрадалық-симфониялық оркестрі сахнаға шықты.

Көрермендерге ерекше сый ретінде «Жаңа ғасыр» театры ашық аспан астында «Алматы – махаббатым» спектаклін қойып, жұртшылықтың зор ықыласына бөленді. Кештің қорытындысында хедлайнерлер – Yenlik пен Қайрат Нұртас өнер көрсетіп, концертті түйіндеді. Жалпы мерекелік іс-шараны 10 мыңнан астам адам тамашалады.

Фото: Алматы әкімдігі

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу