Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматыда көшелерді жауып ұйымдастырған марафоннан екі адам қайтыс болды

Оқиға
Алматыда көшелерді жауып ұйымдастырған марафоннан екі адам қайтыс болды

Алматыдағы жүгіру марафоны кезінде екі адам қайтыс болды, деп хабарлайды  Malim.kz.

20 сәуір күні таңертең өткен Almaty Half Marathon кезінде екі қатысушы – 84 жастағы Аққоян Рсалиев пен 21 жастағы Нұрбол Ахмади көз жұмды. Екеуі де жартылай марафонға тіркелген. Жартылай марафонның қашықтығы – 21 шақырым 97 метр.

Аққоян Рсалиев жарыстың алғашқы шақырымында, әл-Фараби даңғылы бойында есінен танып қайтыс болған.

Аққоян Рсалиев 2021 жылдан бері Almaty Half Marathon және Almaty Marathon секілді жарыстарға тұрақты қатысып, 21,1 км және 10 км қашықтықтарын бірнеше рет бағындырған.

Жүгіру кезінде қайтыс болған екінші адам – 21 жастағы Нұрбол Ахмади жарыстың 16-шы шақырымында есінен танып, құлаған. Дәрігерлер оның да өмірін аман алып қала алмаған.

 Біз 9:18-де жеттік. Сол сәтте ұйқы артериясынан тамыр соғысы байқалмады, тыныс алу да болмады, қан қысымы нөл болды. Реанимациялық әрекеттер хаттамаға сай орындалды, бірақ нәтиже бермеді. Қатысушы 103 қызметі келгенге дейін көз жұмған. Алдын ала диагноз – өкпе артериясының тромбоэмболиясы және жедел жүрек жеткіліксіздігі, – деді 8/58 бригадасының дәрігері Айгерім Есдәулетова.

Медициналық қызметкерлердің айтуынша, екі қатысушының нақты қайтыс болу себебі сот-медициналық сараптамадан кейін белгілі болады. Сараптама нәтижелері жақындарына хабарланады.

Фото: pixabay.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу