freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматыда стоматологиялық клиникалардың лицензиялары тоқтатылды

Құқық
Алматыда стоматологиялық клиникалардың лицензиялары тоқтатылды
pixabay.com

Алматыда стоматологиялық клиникаларға тексеру жүргізілді. Мекемелердің жартысынан астамына қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, кейбірінің лицензиялары кері қайтарылды немесе тоқтатылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде (ӨКҚ) өткен брифингте Алматы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаментінің өкілі хабарлады, - деп хабарлады Malim.kz tengrinews.kz сайтына сілтеп. 

Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің басшысы Дамир Дәулетбаев прокуратура органдарының талабы бойынша Алматыда 92 стоматологиялық клиниканың жұмысына талдау жасалып, оның 85-інде тексеру ұйымдастырылғанын айтты.

"Нәтижесінде 46 ұйым әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 63 әкімшілік хаттама толтырылды, сондай-ақ 18 лицензияның қолданылуы кері қайтарылды немесе тоқтатылды", - деді департамент басшысы.

Сонымен қатар 2026 жылғы қаңтар-наурыз аралығында департамент азаматтардың өтініші бойынша медициналық ұйымдарға 103 жоспардан тыс тексеру жүргізді. Осы уақыт ішінде қала тұрғындарынан медициналық көмек сапасына қатысты барлығы 1280 өтініш түскен.

"Бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 16,5 пайызға аз", - деп толықтырды ол.

Алматылықтар неге шағымданды?

Өтініштердің басым бөлігі емдеу сапасына, медицина қызметкерлерінің этикасына және медициналық қызметтердің ұйымдастырылуына қатысты болды. Спикердің айтуынша, бүгінде 351 шағым қаралған. Оның 18-і бойынша медициналық мекемелерде жоспардан тыс тексерулер жүргізілген

сомасы шамамен екі миллион теңге болатын 19 әкімшілік хаттама жасалған;

заңбұзушылықтарды жою туралы 37 нұсқама берілген;

материалдар құқық қорғау органдарына жолданды.

Бұдан бөлек, мамандар 13 өтініш бойынша жеке қабылдау өткізіп, азаматтарға түсініктеме берген. Дамир Дәулетбаев өтініштер санының азаюы көрсетілетін медициналық қызметтер сапасының артқанын білдіретінін атап өтті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу