freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматылық 17 жастағы оқушы жер сілкінісін алдын ала болжайтын жүйе жасап жатыр

Білім-ғылым
Алматылық 17 жастағы оқушы жер сілкінісін алдын ала болжайтын жүйе жасап жатыр
Коллаж ЖИ көмегімен жасалды

Алматылық 11-сынып оқушысы Әлихан Ғатаулин жер сілкінісін кем дегенде бір тәулік бұрын болжай алатын жүйе әзірлеумен айналысып жүр, деп хабарлайды Malim.kz «24KZ» телеарнасына сілтеме жасап.

Қазіргі таңда жас зерттеуші инженерлік компанияда ғылыми бағытты басқарады. Сонымен қатар оған Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулер ұлттық ғылыми орталығынан арнайы жұмыс орны берілген. Мамандар оны жас ғалымдар арасындағы ең болашағы зор зерттеушілердің бірі деп бағалайды.

Әлиханның айтуынша, ғылымға қызығушылығы 2024 жылдың қаңтарында Алматыда болған жер сілкінісінен кейін артқан.

«Жер сілкінісі кенеттен болатын табиғи апат. Біз көптеген құбылыстарды алдын ала болжай аламыз: тайфундар, дауылдар спутник арқылы көрінеді. Бірақ жер сілкінісі – аяқ астынан болатын соққы. Ол мемлекетке экономикалық тұрғыдан үлкен зиян келтіреді, ал адамдар жақындарынан айырылуы мүмкін», - деді Әлихан Ғатаулин.

Жас ғалым ресейлік геофизик Геннадий Соболевтің және өзге де зерттеушілердің Күн белсенділігі мен сейсмикалық процестер арасындағы байланыс туралы еңбектерін зерттеп жүр. Теория бойынша, Күндегі жарқылдар геомагниттік дауылдар туғызып, жер сілкіністеріне әсер етуі мүмкін.

Жер қыртысының флюидтік режимі зертханасының меңгерушісі Абдулазиз Абдуллаев оқушының ғылымға деген ынтасын ерекше атап өтті.

«Ол мектеп оқушысы болса да, ғылымға терең қызығушылық танытты. Тәжірибесі аз болғанына қарамастан, ауқымды ғылыми бағытқа кірісті. Күн жүйесі мен оның жер қыртысына әсерін зерттеп жүр. Бұл – адам қауіпсіздігімен тікелей байланысты маңызды сала», – деді Абдулазиз Абдуллаев.

Әлихан NASA ұйымдастырған халықаралық байқаудың финалисі атанған. Кейін оны deeptech компаниясы шақырып, халықаралық инженерлер командасында жеке ғылыми бағытты басқаруға мүмкіндік берген.

Қазір жас зерттеуші спутниктік деректерді, геомагниттік көрсеткіштерді және сейсмикалық белсенділікті талдап жатыр. Ол Күн жарқылдары жер сілкінісін шамамен бір тәулік бұрын ескертуі мүмкін бе деген мәселені зерттеуде.

«Бізде биологиялық алдын ала болжам белгілері бар. Мысалы, жануарлардың реакциясы. Сонымен қатар физика-химиялық көрсеткіштерге – жерден радон және басқа газдардың бөлінуіне назар аударуға болады. Біз осы белгілердің барлығын біріктіріп, machine learning жүйесі арқылы өңдеп, ортақ нәтиже шығаруға тиіспіз», – деді Әлихан Ғатаулин.

Оған Сейсмологиялық орталықтың архивтері мен ғылыми кітапханасы қолжетімді. Жас зерттеушінің сөзінше, жасанды интеллект пен үлкен деректерге негізделген жер сілкінісін ерте ескерту жүйесінің алғашқы нәтижелері алдағы бес жылда пайда болуы мүмкін.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу