Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

АЛЫСТАН НАУҚАСТАР ІЗДЕП КЕЛЕТІН ДӘРІГЕР

Сұқбат
АЛЫСТАН НАУҚАСТАР ІЗДЕП КЕЛЕТІН ДӘРІГЕР

АЛЫСТАН НАУҚАСТАР ІЗДЕП КЕЛЕТІН ДӘРІГЕР

Шымкенттік дәрігер Мейіргүл Асылбек –  жылына 7 мыңнан астам адамға емдеу жұмыстарын жүргізеді.  15 жылдан бері денсаулық сақтау саласында еңбек ететін білікті маман. Ресейдің Мәскеу, Санкт-Петербург қалаларында сынақ тәжірибесінен өткен.

Қазіргі таңда Шымкент қаласындагы «Mediker» оңалту орталығында бөлім меңгерушісі лауазымында қызмет атқарады. М. Асылбек түрлі жүйке жүйесі ауруларының алдын алу мақсатында қолданатын инструменталды әдістерді жетік меңгерген. Олардың ішінде электронейромиография, инсульт, жарақат салдарынан болған нервтерді емдеуде үздік нәтижелерге жетті.

Сонымен қатар, бейне ЭЭГ, УЗДГ аппараттарымен диагностикалық тексеру әдістерін де меңгерген.

Қазіргі таңда білікті маманды Алматы, Ақтөбе, Қызылорда, Тараз қалаларынан науқастар іздеп келіп, ем қабылдайды.

Мейіргүл Асылбектің алға қойған жоспарлары көп. Алдағы уақытта түрлі жағдайдан инсульт, жарақат салдарынан болған нерв параличі, түрлі бас және жұлын ауруы салдарынан болған парез, паралич алған науқастарды оңалту жұмыстарын қолға алмақ.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу