Әзірбайжан мен Түркия түркі армиясын құрмақ

Sputnik Әзірбайжан басылымының хабарлауынша, Түркия парламентінің басшысы Мұстафа Шентоп Әзірбайжанмен біріккен армия құру туралы келіссөздер жүргізілгенін мәлімдеген.
"Біздің идея – бір ұлт, екі мемлекет. Әрқашан солай болады. Осыған байланысты көптеген келіссөз бен уағдаластықтар жүргізілді", - деді Шентоп БАҚ өкілдеріне.
Уағдаластық аясында Әзірбайжан мен Түркия әскері бірлескен оқу-жаттығу жұмыстарын да өткізген.
Сейсенбі күні Бакуде Әзербайжан, Түркия және Пәкістан парламенті басшылары Сахиба Гафарова, Мұстафа Шентоп және Асад Кайсердің үшжақты кездесуі өткен. Жиын қорытындысы бойынша парламент басшылары Баку декларациясына қол қойған.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
Бәрі сотталады: шетелдегі соғыстарға қанша қазақстандық қатысқан?
1 сәуірде желіде Украинаға қарсы соғысқа қатысқан 660-тан аса қазақстандықтың аты-жөні бар тізім пайда болды. ҚР ІІМ бұл ақпарат расталмағанын айтып, тексеруді талап ететінін мәлімдеді. Tengrinews.kz редакциясы бұл мәселе бойынша ашық деректерді зерттеген