Ковид жұқтырған Байден сайлаудан бас тартпайды

АҚШ президенті Джо Байден қараша айында өтетін сайлаудағы үміткерлігіне қатысты партиялық жаңа мәселелерге тап болды. Жағдай қиындағанымен қатар, ол ковид жұқтырып, сайлауалды іс-шараларын тоқтата тұруға мәжбүр.

  • 19.07.2024

АҚШ Конгресіндегі жетекші демократ – Сенаторлар Чак Шумер мен Хаким Джеффрис — Байденмен кездесіп, сайлауға түсу жоспарына алаңдаушылық білдірген. 

CNN мәліметтері бойынша, Палатаның бұрынғы спикері Нэнси Пелоси де Байденге қараша айында өтетін сайлауда Дональд Трампты жеңе алмайтынын айтқан.

Байденнің екінші мерзімге қайта сайлауға түсу әрекеті маусым айының соңында Атлантада өткен Дональд Трамппен арадағы пікірталастағы жаңылысқан сөзінен кейін ықпалды демократтар арасындағы наразылықтың күшеюіне әкелді. 

Ал бейсенбіде демократиялық партияның ақсақалы саналатын экс-президент Барак Обама да алаңдаушылық білдірді.

Washington Post газетінің хабарлауынша, Обама соңғы күндері пікірлестеріне Байденнің жеңіске жету мүмкіндігі айтарлықтай төмендегенін айтқан. Сонымен қатар, алдағы сайлауда өз кандидатурасының орынды екені туралы байыпты ойлануға шақырды.

"Демократтардың барлығы Байденді отставкаға кетуге көпшілік алдында шақырмады. Бұл әңгімелер көбіне өзара айтылып, олардың бұл тақырыпты жоққа шығармауы таңқалдырады" деп атап өтті Милуокидегі республикашылдар конференцияда Номиа Игбал ВВС тілшісіне. 

Демократтардың күн санап артып келе жатқан алаңдаушылығы - Байденнің Ақ үй үшін жарыстағы жеңілуі ғана емес, сонымен бірге олардың Конгресстің екі палатасындағы басымдықтан айырылуына әкелуі мүмкін екендігімен түсіндіріледі.

Егер демократтардағы жағдай осы бағытта дами берсе, алдағы күндері Джо Байден қиын шешім қабылдауға мәжбүр болады.

Байденнің сырқаты

Сәрсенбіде Ақ үйдің баспасөз хатшысы Карин Жан-Пьер Байденнің ковидке шалдыққанын ресми мәлімдеді. Бірақ аурудың аса қауіпті емес екенін атады. 

Жан-Пьердің айтуынша, Президент бұрын тиісті екпелерді алған. Сондай-ақ, Байденнің бұған дейін Covid-19-ға қарсы тапсырған сынағы екі рет оң нәтиже берген. 

Президенттің дәрігері Кевин О' Коннор Байденнің мұрнынан су ағымен бірге жөтелінің бар екенін және Паксловид препаратын қабылдағанын айтты. Басында ол өзін қалыпты жағдайда сезінді, бірақ содан кейін тағы бір тексеру оның ағзасында коронавирустық инфекциясы бар екенін көрсеткен. 

Күні бойы Байден Лас-Вегастағы жақтастарымен кездесіп, іс-шаралардың бірінде сөз сөйлеген. Кейінірек ол  латынамерикалық UnidosUS азаматтық құқықтарын қорғау ұйымында сөз сөйлеуден бас тартуға мәжбүр болды.

Байденнің Лас-Вегасқа барған сапарын жазған журналистер оның ұшаққа трап арқылы баяу көтерілгенін айтады. Сол сәтте ол бетперде кимеген. 
Дегенмен, ұшаққа отырғаннан кейін ол өзін жақсы сезінетінін жеткізген. 

81 жастағы америкалық саясаткердің оқыстан ауруы және соған байланысты сайлау іс-шараларының тоқтатылуы туралы хабарландыру бұл сапардағы күтпеген жағдай болды. Сапар барысында Байден өзінің қарсыласы Дональд Трамптың әрекетінен туындаған кідіруден кейін сайлау науқанына толық күшпен қайта қосылуы керек болған. 

Лас-Вегасқа барған сапардың мақсаты Байденнің испан тілді сайлаушылардың алдындағы беделін қалпына келтіруге бағытталды. Сауалнамаларға сәйкес, соңғы төрт жылда оның танымалдығы біршама төмендеген. 

"Алауды табыстайтын уақыт келді"

Өткен аптада Байденмен жеке-жеке кездесу кезінде Шумер мен Джеффрис қараша айындағы сайлаудағы бюллетеньдердің жоғарғы жағындағы оның есімі демократтардың Конгресстің кез-келген палатасын бақылау мүмкіндігіне нұқсан келтіруі мүмкін деген алаңдаушылық білдірді.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Эндрю Бейтс аталған ақпаратарға түсініктеме бере отырып "Президент оларға өз партиясының кандидаты екенін, сайлауда жеңіске жетуді жоспарлап отырғанын және жұмыс істейтін отбасыларға көмектесу үшін жаңа мерзімнің алғашқы 100 күнінде бағдарлама әзірлеу үшін екеуімен жұмыс істеуді асыға күтетінін айтты" деп атап өтті. 

Джеффрис өкілі "бұл өзара жеке әңгіме болды, сондықтан оның барғылы құпия болып қалады" деді. Шумердің кеңсесі Сенаттағы демократиялық партия көшбасшысы "өз фракциясының пікірін Президент Байденге тікелей жеткізді" деп мәлімдеді. 

CNN жақында сөйлеген сөзінде Нэнси Пелоси  Президентке сауалнамаларға сәйкес бұл демократтардың қараша айында палатада жеңіске жету мүмкіндігіне зиян тигізуі мүмкін екенін айтты деп мәлімдеді. 

"Президент бас тартты, содан кейін Пелоси президенттің ұзақ уақыт кеңесшісі болған лауазым иесінен оған негізгі мәліметтер туралы ақпарат беруін сұрады", деп хабарлайды CNN дереккөзге сілтеме жасап.

Бұл әңгіменің нақты қашан болғанын нақтылау мүмкін емес. Телеарналар Пелосидің жұмадан бастап кеңсесінде  Президентпен сөйлеспегенін хабарлады. 

Осы уақытқа дейін жиырмаға жуық демократиялық саясаткер Байденді өз кандидатурасын алып тастауға шақырған. Бұлардың ішінде соңғысы Калифорниядан келген демократиялық конгрессмен Адам Шифф болды.  Ол Байденге "алауды беретін" уақыт келді деп айтқан. Шиффтің пікірінше, Байден ел тарихындағы ең маңызды президенттердің бірі болғанын және ол басқа демократқа алға қадам басуға мүмкіндік беріп, өзін көрнекті көшбасшы ретінде қалдыруға кепілдік бере алады.

Байден қарашадағы сайлауда өз кандидатурасын алып тастаудан үзілді-кесілді бас тартып отыр. BET-ке берген сұхбатында ол бүдан халықтың төмен дауысын жинағанда ғана жүзеге асыратынын атаған.   

Сондай-ақ, ол дәрігерлер денсаулығына байланысты мәселе бар десе, ғана сайлаудан шығу жайын қарастыратынын жеткізді.

Фото: ВВС 

ВВС материалы негізіндеу аударылды

Байланысты жаналықтар

Байден Трампты Ақ үйде қабылдады

14.11.2024

Илон Маск АҚШ Үкіметінің жұмысына араласады

08.11.2024

АҚШ-тағы сайлаудың алдын ала нәтижесі белгілі болды

06.11.2024

Камала Харрис: «Трамп - тұрақсыз әрі билікқұмар адам»

30.10.2024

Washington Post газетінен 200 мыңнан астам оқырман бас тартты

30.10.2024

Пуэрто-Рико архиепископы Трамптан кешірім сұрауды талап етті

29.10.2024
MalimBlocks
Байден Трампты Ақ үйде қабылдады

Олар демократиялықтан республикалық әкімшілікке біртіндеп көшуге уағдаласты

Илон Маск АҚШ Үкіметінің жұмысына араласады

"Бюрократияны шектеп, құрылыс салуға мүмкіндік беруіміз керек" деді ол.

АҚШ-тағы сайлаудың алдын ала нәтижесі белгілі болды

Д.Трамп Алабама штаттарында көш бастап тұр

Камала Харрис: «Трамп - тұрақсыз әрі билікқұмар адам»

Ал Трамп «Камала бізді ұятқа қалдырды» деді

Washington Post газетінен 200 мыңнан астам оқырман бас тартты

Себеп – газет президенттікке үміткерлердің ешқайсына қолдау көрсетпейтін болды

Пуэрто-Рико архиепископы Трамптан кешірім сұрауды талап етті

Мэдисон-сквер-Гардендегі митингте әзілкеш Тони Хинчклифф Пуэрто-Риконы «қалқымалы қоқыс аралы» деп атаған еді