«Прокурор қылмыскерге қарсы»: Трамптың бәсекелесінде мүмкіндік бар ма?

АҚШ демократиялық партиясы атынан тіркелген үміткердің ауысуы президенттік кампанияның жұмысын қайта бастауға мәжбүр етті.

Malim Админ

  • 31.07.2024

Сайлау додасынан Джо Байденнің күтпеген жерден шығып қалуы Дональд Трамптың да жоспарының күл-талқанын шығарды. Ол бұған дейін егде, ақ нәсілді үміткермен сайлауға түсуге дайындалса, енді өзінен 18 жас кіші қара нәсілді әйелмен «алысуға» мәжбүр болып отыр, деп жазады Malim.kz.

ВВС АҚШ президент сайлауында дауыс берушілерге таңдау жасауға қандай жағдайлар әсер ететінін сараптады.

Баламасыз үміткер

Үш апта бұрынғы Джо Байденнің дебаттағы сәтсіздігі мен сайлауға қатысудан бас тартуы демократиялық партияда ішінде түсініспеушілік кезеңі болды.

Партияның ірі демеушілері қазіргі президенттен тура мағынасында бас тартты.

Конгресстің кейбір мүшелері оны сайлауға түспеуге үгіттесе, басқа тарап оны қатты қорғап бақты. 

Демократтар арасындағы бұл толқу Дональд Трамптың сайлауалды штабына керемет сыйлық болғаны рас. Трапмқа оқ атылып, өлімнен аман қалғаннан кейін сайлаудың нәтижесі анықталған да сияқты көрінген. 

Алайда Америка саясатында бәрі тез өзгереді. Бір аптадан кейін ешкім бұл оқиғаны есіне де алған жоқ. Өйткеніғ жұрттың назары Байденге ауды.

Президент сайлауға қатысудан бас тартқан сәтте Демпартия ішкі дауларды дереу тоқтатып, шұғыл түрде вице-президент Камала Харристің маңайына топтаса кетті. Харристің баламасыз кандидат болуына оның лауазымы ғана емес, басқа да объективті жағдайлар әсер етті. Демпартия басшылығы Джо Байден кандидатурасына қатысты проблемаларды жоққа шығарып, оны сайлауға үміткер ретінде бекіту процесін жеделдетуге тырысқан еді. 

АҚШ-тағы бірнеше штаттың заңы бойынша жаңа үміткер шұғыл таңдалуы керек. Сондықтан, қыркүйек айында пошта арқылы алдын-ала дауыс беру басталып кетуі тиіс. Ал ол үшін сайлау бюллетені тамыз айында басылуы тиіс. Аты-жөні бюллетенге енуі үшін демпартияға кандидат қабылдау туралы шешім тездету керек болды. 

Кандидат ауысқаннан кейінгі алғашқы күні-ақ Харристің сайлауалды штабына науқанға қажетті рекордтық 81 миллион доллар келіп түскен. Бұл қаржыны партия есеп-шотына үміткерді қолдаушылар аударған. Ал он мыңдаған адам көмектесу мақсатында бүкіл елдегі штабтарға ерікті ретінде жазылды. 

Байденнің сайлау додасынан шығуы бұған дейін жиналған көп энергияның босауына ықпал етті. Ал Харрис болса, дәл осы энегрияны оңтайлы пайдаланды, - деді Америкалық тәуекелдер сарапшысы Чарльз Хеккер. 

Харрис Байденнен сайлауалды штабына 1400 қызметкер мен 96 млн долларға "мұраға" ретінде ие болды. 

Жұма күні Харрис демократиялық партияның ең танымал өкілі, экс-президент Барак Обама мен оның жұбайы Мишельден маңызды саналатын – қолдау алды.

Харрис еңсе көтерді 

АҚШ Сенатына сайланғанға дейін Камала Харрис сот жүйесінде жұмыс істеді.

Ол алдымен Сан-Франциско округінің прокуроры лауазымына дейін көтерілді.

Содан кейін Калифорния штатының Бас прокуроры болып қызмет етті.

Америкада мемлекеттік айыптаушы сайланбалы лауазым болса да, ол республикашылармен бәсекелесуге мәжбүр болған жоқ. 

Харрис негізгі мәселелерге қатысты пікірін 2019 жылы президенттікке түсуге шешім қабылдаған кезде айтты. Алайда, оның үгіт науқаны тез тоқтады. Себебі, ол сайлаушыларды өз ниетінің шынайылығы мен маңыздылығына сендіре алмады. Одан әрі Джо Байден ұсынған вице-президент лауазымы оның танымал болуына еш ықпал еткен жоқ. 

АҚШ тарихында вице-призидент болған алғашқы әйел, қара нәсілді және азиялық саясаткер ретінде Харрис нақты жетістіктерге жете алмады.

Жүргізілген сауалнама қортындысына қарағанда, көптеген америкалықтың оған сенбейді. Тіпті оның жақтастары да өзара әңгімеде: Харрис елдің болашақ көшбасшылығын былай қойғанда, сайлаушыларға партияға лидер болуға лайық екенін дәлелдей алмаған. Кейбір сарапшылар мұндай анти-рейтингтерді сексизм немесе нәсілшілдіктің салдары деп санайды.  

Дональд Трамп елге сырттан келушілер "АҚШ-ты құртып жатыр" және "ұлттың қанын улады" деп бірнеше рет мәлімдеді. Харристі биліктен кеткелі жатқан әкімшіліктің барлық қателіктеріне жауап беретін дарынсыз саясаткер ретінде көрсетуге тырысады. Алайда, Харристің нақты өмірбаяны бұл сипаттамаға сәйкес келмейді.

Прокурор кезінде Харрис қылмыспен, соның ішінде, марихуанамен байланысты қылмыстарға үкім шығарумен белсенді айналысты. Сол арқылы есірткі өнімін заңдастыруды қолдайтын либералдардың сынына ұшыраған. 

Трампқа қарсы күресте Харрис өзінің бұрынғы прокурорлық жұмысы арқылы қарсыласының сотталғанын пайдаланады. 

Мен вице-президент, АҚШ сенатына дейін Калифорния штатының Бас прокуроры болып сайландым. Осы уақытқа дейін мен сотта айыптаушы өкіл болдым. Бұл позицияларда барлық деңгейдегі қылмыскерлерді көрдім. Олардың арасында әйелдерді мазақ еткен "жыртқыштар", тұтынушыларды алдаған алаяқтар, өз пайдасы үшін ережелерді бұзған қылмыскерлер болды. Соның арқасында мен Дональд Трамптың шынайы бейнесі қандай екенін білемін, - дейді ол.

Камала Харристің президенттікке үміткер ретіндегі алғашқы митингі Висконсиндегі Вест-Аллис қаласында өтті.  

Уэст-Аллис – бұл таңдау туралы әлі шешім қабылдамаған, әсіресе, нақты таңдауы жоқ сайлаушылар саны өте көп қоныстанған қала. Сондықтан ол дәл сол жерге арнайы барды, - дейді талдаушы.

Вице-президент кім болады?

Харриске вице-президенттікке үміткерді таңдау да әзірге белгісіз жағдай болып қала береді. Ол бұл лауазымға нақты таңдау жасамаған Штаттардың біріндегі ақ нәсілді лауазымды адамға ұсынады деп күтіліп отыр. Олардың арасында Пенсильвания губернаторы Джош Шапиро, Аризона сенаторы Марк Келли немесе Кентукки губернаторы Энди Бешир болуы мүмкін екенін айтылды. 

Сондықтан вице-президенттікке үміткер адам Харрис қабылдауы керек ең маңызды шешім болуы мүмкін, - дейді Чарльз Хеккер. 

Бұл, әсіресе, демократтар мен республикашылар біржақты басымдыққа ие емес штаттардан таңдалуы мүмкін. Джо Байден сайлауалды жарыстан шыққаннан соң және Трамптың кандидатурасын республикашылар ресми мақұлдағаннан кейін жүргізілген алғашқы сауалнама демократтарды жігерлендіріп отыр.

Reuters және Ipsos сауалнамасына сәйкес Харрис аз болса да артықшылыққа ие.

Оны тіркелген сайлаушылардың 44 пайызы қолдаған. Ал Трампты тек 42 пайызы ғана дауыс беруге дайын екенін атаған. 

BBC агенттігінің материалы негізінде әзірленді.

Фото: BBC

Байланысты жаналықтар

Трамп Ресей мен Қытайды тізгіндей ала ма?

07.11.2024

Камала Харрис жеңілгенін мойындап, Дональд Трампты құттықтады

07.11.2024

АҚШ-тағы президент сайлауы: қос кандидат сайлаушыға таласты күшейтті

20.10.2024

Харрис Газадағы бітімгершіліктің қажеттілі туралы айтты

07.10.2024

Райан Рутқа Дональд Трампқа қастандық жасады деп ресми түрде айып тағылды

25.09.2024

Трамп: Жеңілсем, кандидат болмаймын

23.09.2024
MalimBlocks
Трамп Ресей мен Қытайды тізгіндей ала ма?

Сайлау өткен соң Вашингтон мен Мәскеудің арасындағы қарым-қатынас өзгереді. Путин Американың ішкі ісіне нақты араласпаса да, оның тұрақсыздығын қалайтыны мәлім. Ол хаос пен үрейді ұнатады әрі соны «саудалағысы» келеді

Камала Харрис жеңілгенін мойындап, Дональд Трампты құттықтады

АҚШ-тағы президент сайлауы: қос кандидат сайлаушыға таласты күшейтті

Сайлауға небәрі екі аптадан астам уақыт қалды

Харрис Газадағы бітімгершіліктің қажеттілі туралы айтты

Вашингтон Газа секторының тұрғындарына гуманитарлық көмек беріп, Израильмен ынтымақтастық орнатпақ

Райан Рутқа Дональд Трампқа қастандық жасады деп ресми түрде айып тағылды

Ол өмір бойына дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Трамп: Жеңілсем, кандидат болмаймын

Жексенбі күні АҚШ-тың бұрынғы президенті және биылғы кандидат Дональд Трамп алдағы сайлауда жеңілісе, одан кейін президенттікке үміткер болмайтынын айтты.