Қазақ журналистикасына еркіндік жетіспейді

Malim Админ

  • 28.06.2021

Бүгін Қазақстанда бұқаралық  ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні. Қысқасы, журналистер күні. Демократиялық институттар мен азаматтық қоғамның қалыптасуына үлес қосатын осы кәсіпке адал болған әріптестеріміз аз емес. Солардың бірі – Батырхан ДӘРІМБЕТ. Марқұм тірі болғанда биыл 70 жасқа келер еді.

Батырхан аға күрескер журналист, әдебиетші-ғалым. 1990 жылы қазақ ұлтшыларды бас қосқан атақты «Азат» қозғалысын құруға ат салысты. «ҚДТ» қозғалысының төралқа мүшесі де болды.

«Азат» газеті, «Жас Түркістан» журналының бас редакторы болды. «Азаттық» радиосында қызмет етті. Батырхан аға еркін һәм батыл жазудың үлгісін көрсетті. Бүгін журналистер күніне орай кейінгі буын жорналшыларға ұстаз болған аға-әріптестің журналистика жайлы пікірін Мalim.kz сайтының оқырмандарына ұсынуды жөн санадық.

Жалғыз қазақша ақпарат құралдарының емес, бүкіл ұлттық рухымыздың жүнжіп кетуінің бір-ақ себебі бар: тәуелсіздік алғаннан бері ел басшылары қазақ тілділерді емес, орыс тілділерді қолдап-қолпаштап келеді. Ана тілінен мақұрым қалған қазақтар бүкіл саясатты жүргізіп отыр. «Қазақ» деген сыртқы қауашақ қана, ал ішкі дүниенің аты да, заты да бөлек. Бұндай жағдайды қазақтың ұлт ретінде дамуы үлкен күдік тудырады. Үкімет тарапынан шығып жатқан газет-журналдар бір жақты, жартыкеш сөйлейді, қоғамдағы әрқилы көзқарас-пікірді жариялай алмайды. Асырап отырған қожайындарының ғана сөзін айтады. Шын мәніндегі үкіметке де, оппозицияға да халыққа да ықпал ете алатын жалпыұлттық ақпарат құралы әзірше дүниеге келген жоқ. Қазақ журналистикасының кәсіби деңгейі өте жоғары. Оған жетіспейтіні – ақша мен еркіндік. Ақша болуы үшін жарнама қазақ тілінде сөлеуі керек. Ал жарнама туралы заң әлі күнге дейін қабылданбай келеді. Баспасөз еркіндігі де ойдағыдай емес. Оппозициялық бағыттағы газеттердің қуғынға түсуі осының басты дәлелі.

«Заказбен» жазылған мақалаларды жаным сүймейді. Біреудің «жалдамалы» деп кіналап отырып, өзіңді де біреудің жалдап алғанын ұмытпаған жөн. Екінші ұнатпайтыным – оқырманның санын көбейтуге тыраштанып, жыныстық қатынастар мен неше түрлі айуандықтар туралы көпірте жазу. Сондай-ақ, бізбір газеттер ананы да қамтып - бәрін жазып үлгеремін дейді. Сонда оқырманым көбейді деп ойлайды, жаңсақ пікір. «Қазақ әдебиетін» алсам – әдебиетінде не болып жатқанын білгім келгені, «Ана тілін» алсам – рухани дуние жаңалықтарын білсем дегені. Әрбір газеттің өз тақырыбы, өз бағыты болғаны жөн. Сонда оқырман адаспай, өз керегін таба алады.

Батырхан ДӘРІМБЕТ, «Алтын орда», 23.06. 2000 ж.  

Байланысты жаналықтар

Саясаттанушы: Кәсібиліктің орнын арандатушылық басып барады

08.10.2024

Шығыс өңірдегі журналистерді даярлайтын басты ұстахана

17.09.2024

Қазақстандағы «Азаттық радиосының» орыс редакциясы жабылады

26.08.2024

Ұлттық ақпараттық кеңістігіміз потенциалды сепаратистерден тиісінше қорғалмаған

25.07.2024

Астанада Euronews-тің өңірлік өкілдігі ашылады

16.07.2024

Тоқаев: Отандық журналистика мықты қоғамдық институтқа, нағыз төртінші билікке айналды

27.06.2024
MalimBlocks
Саясаттанушы: Кәсібиліктің орнын арандатушылық басып барады

Сарапшы маманның айтуынша, үкіметте фейс-бақылау енгізу керек

Шығыс өңірдегі журналистерді даярлайтын басты ұстахана

Шығыс Қазақстанда «Аманжолов журналистері» деген бренд қалыптасты

Қазақстандағы «Азаттық радиосының» орыс редакциясы жабылады

Медиа корпорация Орталық Азияны қамтитын жаңа аймақтық бөлімше құруды жоспарлап отыр.

Ұлттық ақпараттық кеңістігіміз потенциалды сепаратистерден тиісінше қорғалмаған

Қазір ақпараттық, ментальды, гибрид, когнитивті соғыс тәрізді көптеген  ұғым пайда болды.

Астанада Euronews-тің өңірлік өкілдігі ашылады

Тоқаев: Отандық журналистика мықты қоғамдық институтқа, нағыз төртінші билікке айналды

Журналистердің алдында тұрған міндеттердің ауқымы – өте кең.