Қазақстанда Наурыз есімді қанша адам бар?

Наурыз есімі қай өңірлерде жиі кездеседі?

Сұлу Бөлек

  • 21.03.2025

Қазақстанда Наурыз есімді қанша адам бары анықталды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, елімізде 1 472 адам Наурыз есімін иеленген.

Бұл есім ең көп таралған өңір – Маңғыстау облысы (282 адам). Одан кейін Түркістан облысы (172 адам) мен Қызылорда облысы (165 адам) орналасқан.

Наурыз есімі қай өңірлерде жиі кездеседі?

Ірі қалалар арасында Наурыз есімді азаматтар ең көп тұратын қала – Шымкент (83 адам). Одан кейін Астана (62) мен Алматы (42) келеді.

Кейбір өңірлерде бұл есім сирек кездеседі. Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысында небәрі 7 адам, ал Жетісу және Абай облыстарында – 15 адамнан ғана бар.

Еліміздегі ең егде Наурыз есімді азамат 84 жаста. Ал 2023 жылы 9 нәрестеге осы есім берілген.

Наурыз есімінің түрлі нұсқалары

Қазақстанда Наурыз есімі әртүрлі жұрнақтармен кездеседі: Наурызбай, Наурызбек, Наурызхан, Наурызгүл, Наурызғали.

Сондай-ақ ерекше және күрделі есімдер де бар: Наурызсұлтан, Наурызмұрат, Наурыз-мейрам, Наурызкерей, Наурызқожа, Наурызгүлден, Наурызбай-бек-әділет, Наурызберген, Әбдінаурыз, Наурызқаныым, Береке-Наурызбай, Наурызғалий, Наурызбийке, Наурыза, Наурызкелді, Гүлнаурыз.

Фото: Pixabay.kz 

Байланысты жаналықтар

Қазақстанның қай өңірінде құрғақшылық болуы мүмкін?

13.05.2025

Қазақстандағы орташа жалақы 423 мың теңгеге жетті

12.05.2025

Қазақстанда ет өндірісі артып келеді

04.05.2025

Қазақстан халқының саны белгілі болды

02.05.2025

Тәуелсіздік алғалы Қазақстанға қанша қандас оралды?

24.04.2025

Қазақстанда ең көп кітапхана қай өңірде орналасқан?

23.04.2025
MalimBlocks
Қазақстанның қай өңірінде құрғақшылық болуы мүмкін?

Қазақстандағы орташа жалақы 423 мың теңгеге жетті

Қазақстанда ет өндірісі артып келеді

Қазақстан халқының саны белгілі болды

Тәуелсіздік алғалы Қазақстанға қанша қандас оралды?

Қазақстанда ең көп кітапхана қай өңірде орналасқан?