Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Әнші Қайрат Нұртас сотталды

Қоғам
Әнші Қайрат Нұртас сотталды

Қайрат Нұртасқа қатысты іс бойынша екі жақтың татуласына байланысты іс жүргізу тоқтатылды, деп хабарлайды Malim.kz.

5 шілдеде Астананың әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қайрат Нұртасқа қатысты істі онлайн режимде қарады. Судья әншіні 15 тәулікке қамау туралы сот үкім шығарды.

Қайрат Нұртас судьядан алдағы күндері өзінің гастрольдік жоспары бар екенін айтып, қамауға алудың орнына әкімшілік айыппұл салуды сұрады. Алайда прокурор Қайрат Нұртасты ұшақтағы оқиға үшін 15 тәулікке қамауға алуды талап етті.

Сағат 14:30-да сот үкімімен Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынды. 

Айта кетейік, сотта Қайрат Нұртас пен Асылбек Бекқайыровтың арасындағы ұшақтағы төбелестің мән-жайы анықталды. Әртіс өз кінәсін мойындады. Дегенмен төбелесті өзі бастамағанын айтып ақталды. Жәбірленушінің айтуынша, олар татуласқан және әншіге мүлдем шағымы жоқ екен. 

Фото: instagram/kairatnurtas

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу