Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақан Сатаевтың бірінші әйелі неліктен бойжеткен қызбен некеге тұрғанын айтып берді (ВИДЕО)

Қоғам
Ақан Сатаевтың бірінші әйелі неліктен бойжеткен қызбен некеге тұрғанын айтып берді (ВИДЕО)
Azattyq Rýhy

Танымал режиссер Ақан Сатаевтың бұрынғы жары Назира Бақаева не себепті өзінен жас қызбен бірге өмір сүруді таңдағанын алғаш рет ашық баяндады, деп хабарлайды Malim.kz.

Эксклюзивті сұхбатында Назира Бақаева отбасылық өміріндегі ауыр кезеңдерге тоқталып, ажырасуға алып келген ішкі күйзелістерін жасырмады. Оның айтуынша, ұзақ жылдар бойы өзін жеке тұлға ретінде емес, тек келін, ана, жар рөлінде ғана көріп келген.

Ол ата-енесін соңғы деміне дейін бағып, қара шаңырақтың түтінін түтеткенін, бар күш-жігерін отбасы үшін жұмсағанын жеткізді. Алайда уақыт өте келе өзінің арман-мақсаты мен жеке дамуын ұмыт қалдырғанын түсінген.

Назира Бақаева кейін өзінен бірнеше жас кіші Doris есімді бойжеткенмен жақын араласа бастаған.

"Doris-қа деген алғысым шексіз. Ол мені қараңғылықтан алып шықты, өміріме жарық сыйлады. Әйел әйелге тірек бола алатынын өз басымнан өткердім. Алғашында бізді жұмыс пен шығармашылық жақындатты, кейін бірге тұруға шешім қабылдадық", – дейді ол.

Қазіргі таңда Назира Бақаева Doris-пен ерекше "Бостон некесінде" өмір сүріп жатқанын айтты. Бұл – екі адамның (көбіне әйелдердің) ресми неке қимай, романтикалық немесе жыныстық қатынассыз, бір-біріне эмоционалдық, тұрмыстық әрі қаржылық қолдау көрсетіп бірге өмір сүру формасы.

Айта кетейік, Назира Бақаева – бес баланың анасы, Ақан Сатаевтың бұрынғы жұбайы, жастайынан кино саласында жүрген шығармашыл тұлға.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу