Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақордада балаларға экскурсия ұйымдастырылды

Мәдениет
Ақордада балаларға экскурсия ұйымдастырылды

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай оқушыларға «Ақорда» резиденциясында экскурсия ұйымдастырылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Ақорда баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, оған еліміздің барлық өңірінен 81 бала, соның ішінде су басқан аймақтардан келген оқушылар қатысты. Ақорданың кішкентай қонақтарының қатарында халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары, оқу үздіктері бар.

Аталған шара аясында балалар «Ақорда» резиденциясының орталық салтанатты холы мен ресми қабылдаулар және түрлі жиындар өткізуге арналған залдарын тамашалады. Резиденция аумағындағы бақты аралап көрді. Сондай-ақ балалар Қазақстан Президентінің жұмыс тәртібімен танысты, еліміздің бас ғимараты туралы қызықты деректерден хабардар болды.

Жасөспірімдерге Мемлекет басшысының атынан естелік сыйлықтар табысталды.

Сонымен қатар екі күндік саяхат кезінде оқушылар Президенттік орталық, Ұлттық музей, «Нұр-Әлем» павильоны сияқты Астананың көрікті жерлерін аралайды.

Фото: Ақорда

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу