Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақорданың пошта жәшігіне де жете алмады

Мәдениет
Ақорданың пошта жәшігіне де жете алмады

Бүгін түске дейін Қазақстан қауіпсіздік кеңесінің төрағасымен, сенат спикерімен, президент әкімшілігінің жетекшісімен жолықпақ болған наразы топты Ақорда, Парламент, Үкімет үйіне жеткізбей полицейлер жолын бөгеп тастады.

Facebook әлеуметтік желісінде тікелей эфир жүргізген Бота Сұлтанованың хабарлауынша, бұрын жеке наразылыққа шығып жүргендер бүгін бастарын қосып, бірге шыққан. Яғни, елу шақты наразының мәселесі әртүрлі. Бірі үлеске ақша қосқанымен пәтерін ала алмаған, екіншісі несисін жаба алмай жүрсе, үшіншісі сот шешіме наразы боп, «әділдік таппай жүргендер». Мүгедек бала бағып жүргендер мемлекеттен тиесілі көмектерін ала алмай жүргендерін де айтып өтті.

Бірақ, Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Майлыбаев бастағандар наразы топтың жолын бөгегені былай тұрсын, Ақорда алдындағы пошта жәшігіне хат тапсыруларына да мұрсат бермеді.

https://m.facebook.com/profile.php?id=100009562699117

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу