freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

АҚШ Иранмен соғыстан кейін Еуропаға қару жеткізуді кешіктіруі мүмкін

Әлем
АҚШ Иранмен соғыстан кейін Еуропаға қару жеткізуді кешіктіруі мүмкін
Фото: Stian Lysberg Solum/NTB/IMAGO

АҚШ Иранмен болған соғыс нәтижесінде азайған әскери арсеналын толықтыру мақсатында Еуропадағы одақтастарына қару жеткізуді кешіктіруі ықтимал, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

Мәліметке сәйкес, Вашингтон Ұлыбритания, Польша, Литва және Эстония сияқты бірқатар одақтас елдерге қару-жарақ жеткізуде айтарлықтай кідірістер болуы мүмкін екенін ескерткен. Ұқсас жағдай Азиядағы серіктестерге, соның ішінде Жапония мен Оңтүстік Кореяға да қатысты қарастырылуда.

Кідірістер HIMARS реактивті жүйелеріне, NASAMS әуе қорғаныс жүйесіне арналған оқ-дәрілерге және басқа да зымырандық қару түрлеріне әсер етуі мүмкін.

Пентагон өкілдері Financial Times басылымына АҚШ қазіргі уақытта одақтастардың жаңа сұраныстарын және қару жеткізу жағдайларын мұқият қарап жатқанын, мұның барлығы жедел әскери қажеттіліктерге сәйкестендірілетінін мәлімдеген.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу