freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

АҚШ пен Иран тағы да соққы алмасты: қақтығыс жетінші түн қатарынан жалғасуда

Әлем
АҚШ пен Иран тағы да соққы алмасты: қақтығыс жетінші түн қатарынан жалғасуда
Фото: GETTY IMAGES

АҚШ пен Иран арасындағы әскери шиеленіс күшейіп келеді деп хабарлайды Malim.kz BBC-ге сілтеме жасап.

18 шілдеге қараған түні АҚШ әскері Иран аумағындағы нысандарға кезекті соққы жасады. Бұл – АҚШ президенті Дональд Трамп бітімнің күшін жойғанын мәлімдегеннен кейінгі жетінші түнгі операция.

АҚШ Орталық қолбасшылығының (CENTCOM) мәліметінше, соққылар бақылау бекеттеріне, әскери логистикалық инфрақұрылымға, жер асты қару-жарақ қоймаларына және Иранның әскери-теңіз күштерінің нысандарына бағытталған. Вашингтон бұл әрекетті Иранның әскери әлеуетін әлсірету мақсатында жасалғанын мәлімдеді.

Иранның мемлекеттік ақпарат құралдары елдің орталығындағы Йезд қаласында, сондай-ақ Кешм аралы мен Ормуз бұғазы маңындағы Бандар-Аббас портында жарылыстар болғанын хабарлады.

Бұған жауап ретінде Тегеран АҚШ-тың Иордания, Кувейт, Бахрейн және Сауд Арабиясындағы әскери базаларына соққы жасағанын мәлімдеді. Иордания әскері 10 ирандық зымыранның әуеде жойылғанын хабарласа, Кувейтте әуе қорғаныс жүйесі іске қосылды. Ал Бахрейндегі АҚШ әскери-теңіз базасы орналасқан ауданда әуе дабылы жарияланды.

Сонымен қатар, Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы (КСИР) Ормуз бұғазының АҚШ бақылауындағы оңтүстік бағытымен өткен екі мұнай танкері минаға жарылғанын мәлімдеді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу