freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

АҚШ президенті Дональд Трамптың қызына қастандық жосалмақ болды

Әлем
АҚШ президенті Дональд Трамптың қызына қастандық жосалмақ болды
ulysmedia.kz

АҚШ президенті Дональд Трамптың қызы Иванка Трампқа қарсы ықтимал қастандық жоспарының жолы кесілгені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Malim.kz.

New York Post басылымының мәліметінше, Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусының құрылымдарымен байланысы болуы мүмкін деген күдікке ілінген 32 жастағы Мұхаммад Бакер Саад Давуд әл-Саади Иванка Трампқа шабуыл жасауды жоспарлаған болуы ықтимал.

Тергеу болжамына сәйкес, бұл әрекет 2020 жылы Бағдадта америкалық әуе шабуылы салдарынан қаза тапқан ирандық генерал Қасем Сүлейманидің өлімі үшін кек алу мақсатымен байланысты болуы мүмкін.

Дереккөздердің айтуынша, күдікті Иванка Трампты нақты нысана ретінде қарастырып, оның Флоридадағы резиденциясының жоспарына қол жеткізген. АҚШ-тағы Ирактың бұрынғы әскери атташесі Энтифад Канбардың мәлімдеуінше, Сүлеймани қаза тапқаннан кейін әл-Саади Трамп отбасы мүшелерінен кек алуға ниетті екенін ашық айтқан.

Сондай-ақ күдіктінің әлеуметтік желіде Иванка Трамп пен Джаред Кушнер тұратын ауданның картасын жариялап, араб тілінде қоқан-лоқы сипатындағы жазба қалдырғаны белгілі болды. Онда кек алудың уақыт еншісіндегі мәселе екені айтылған.

АҚШ Әділет министрлігінің ақпаратына сәйкес, күдікті 15 мамырда Түркияда ұсталып, кейін Америка Құрама Штаттарына экстрадицияланған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу