Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

АҚШ сенаторы: Венесуэладағы операция аяқталды

Әлем
АҚШ сенаторы: Венесуэладағы операция аяқталды
Фото: STR/AFP

3 қаңтар күні Каракас қаласында, соның ішінде әуежай маңында бірнеше қуатты жарылыс тіркелді, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

Осыдан кейін Венесуэла президенті Николас Мадуро елде төтенше жағдай режимін жариялап, оқиғаны АҚШ тарапынан жасалған «шабуыл» деп атады.

Осы жағдай аясында АҚШ сенаторы Венесуэладағы операцияның аяқталғанын мәлімдеді.

Сонымен қатар Венесуэла билігі Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын шақыруды талап етті. Бұл туралы елдің сыртқы істер министрі Иван Хиль Пинто Telegram желісінде жазды. Оның айтуынша, АҚШ-тың «қылмыстық агрессиясын» талқылау үшін Қауіпсіздік кеңесінің жедел отырысы қажет.

Ал Reuters агенттігінің екі дереккөзі Венесуэланың мемлекеттік мұнай компаниясы PDVSA-ның стратегиялық нысандары соққылардан зардап шекпегенін хабарлады. Мұнай өндіру мен өңдеу жұмыстары қалыпты режимде жалғасып жатыр. Дегенмен, Ла-Гуайра порты айтарлықтай зақымданғаны айтылды. Бұл порт елдегі ең ірі айлақтардың бірі болғанымен, мұнай экспорты үшін пайдаланылмайды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу