freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

АҚШ-тың Ирандағы соғыс шығыны 50 млрд долларға жетті

Әлем
АҚШ-тың Ирандағы соғыс шығыны 50 млрд долларға жетті
Фото: Amber Smally/US Navy/AP/picture alliance

АҚШ-тың Иранға қарсы соғысына кеткен нақты шығын Пентагон жариялаған 25 млрд доллардан шамамен екі есе көп, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

Ресми есепте жойылған техника мен әскери базаларға келтірілген шығын ескерілмеген.

CBS News телеарнасының 30 сәуір, бейсенбі күні америкалық шенеуніктерге сілтеме жасап хабарлауынша, 28 ақпанда «Эпикалық қаһар» операциясы аясында басталған АҚШ-тың Иранға қарсы соғысы ел қазынасына шамамен 50 млрд долларға түскен. Бұл – Пентагон ұсынған ресми деректен екі есеге жуық көп.

АҚШ Қорғаныс министрлігінің қаржы директоры Джулс Херст 29 сәуірде конгрессмендерге шығынды 25 млрд доллар деп атаған. Алайда CBS дереккөздері бұл есепке жойылған және зақымданған әскери техника, сондай-ақ әскери базаларға келтірілген шығын кірмейтінін атап өтті.

Шығындардың ең үлкен бөлігі – оқ-дәрілер. Олардың қоры үнемі толықтырылып отыруы қажет. Тек ұшқышсыз ұшу аппараттарының шығынының өзі кемінде 720 млн долларды құрады: америкалық әскер құны әрқайсысы 30 млн доллардан асатын кемінде 24 MQ-9 Reaper барлау-соққы дрондарынан айырылған.

Қосымша шығындар жанармайға, күштерді аймаққа жеткізуге және әскери инфрақұрылымды орналастыруға байланысты. Сарапшылардың айтуынша, шығынды тек Пентагон ғана емес, АҚШ-тың Ішкі қауіпсіздік министрлігі де көтеріп отыр.

Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығының (CSIS) аға кеңесшісі Марк Канчианның бағалауынша, жұмсалған қару-жарақ қорларын қалпына келтіруге бірнеше жыл қажет болады. Оның үстіне, соғысқа дейінгі деңгейдің өзі жеткіліксіз деп саналған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу