Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

АҚШ-тың Мэриленд штатында Мұхтар Мағауинді ақтық сапарға шығарып салды

Әдебиет
АҚШ-тың Мэриленд штатында Мұхтар Мағауинді ақтық сапарға шығарып салды

11 қаңтарда АҚШ-тың Мэриленд штатында қазақ жазушысы Мұхтар Мағауинмен қоштасу рәсімі өтті. Жаназа Diyanet Center of America мешітінде оқылды, деп хабарлайды Malim.kz Азаттық радиосына сілтеме жасап. 

Қоштасу рәсіміне ондаған адам қатысты. Арасында Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Ержан Ашықбаев, сол жақтағы консул Жүсіп Орынбай, Америкадағы қазақ қауымдастығының өкілдері, “Болашақ” бағдарламасымен оқып жатқан студенттер де бар.

Бұған қоса, жазушының отбасы, балалары мен немерелері, достары қатысты.

Жазушы Вашингтон маңындағы Parklawn Memorial зиратына жерленді.

Жазушы, әдебиет тарихын зерттеуші ғалым, тарихи романдардың авторы Мұхтар Мағауин 10 қаңтарда (АҚШ уақытымен 9 қаңтарда) 85-ке қараған шағында қайтыс болған. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жазушының отбасына көңіл айтып, жеделхат жолдады.

Фото:  azattyq.org

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу