Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

АҚШ-тың Украина бойынша бейбітшілік жоспарына өзгеріс енгізілді

Әлем
АҚШ-тың Украина бойынша бейбітшілік жоспарына өзгеріс енгізілді

АҚШ-тың Украина бойынша бейбітшілік жоспары айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Левитт мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz Kazinform агенттігіне сілтеп. 

Біз тармақтарды қағазға түсірдік. Бұл тармақтар айтарлықтай нақтыланды. Егжей-тегжейіне келетін болсақ, келіссөз жүргізушілердің өздері талқылауына мүмкіндік беремін. Жалпы алғанда, көңіл-күйіміз жақсы, — деп мәлімдеді баспасөз хатшысы брифингте. 

Еске сала кетсек, 20 қарашада Трамптың Украинадағы бейбітшілік жоспарының барлық 28 тармағы жарияланды.

Бұған дейін Швейцарияда Украина бойынша келіссөз аяқталғанын жазған болатынбыз. Женевада Украина тарапымен кеңестерге АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио қатысты.

Женевада өткен келіссөзден кейін Рубио Украина шенеуніктерімен соғысты тоқтату жоспарын талқылауда «айтарлықтай ілгерілеушілік» болғанын мәлімдеді. Мемлекеттік хатшының айтуынша, бұл Дональд Трамп әкімшілігінің қаңтарда басталғаннан бергі Украина тарапымен болған ең нәтижелі кездесуі болды.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков журналистерге берген сұхбатында Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президентінің арнайы өкілі Стивен Уиткоффтың кездесуі 2 желтоқсан күні өтетінін айтты. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу