Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

АҚШ Украинаға 425 миллион доллар тұратын әскери көмек пакетін берді

Әлем
АҚШ Украинаға 425 миллион доллар тұратын әскери көмек пакетін берді

АҚШ Украинаға құны 425 миллион болатын тағы бір ауқымды әскери көмек пакетін бергені туралы хабарлады. Бұл туралы Американың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің сәрсенбі күнгі мәлімдемесінде айтылды.  

Аталған пакет Пентагон запасындағы қосымша көмек. Оның құрамында: NASAMS зенитті зымыран жүйесінің оқтұмсықтары, RIM-7 әуе шабуылы қорғанысы зымырандары, Stinger зымырандары, әуе-жер және HIMARS зымыран жүйесінің оқ-дәрілері, әскери жол талғамайтын HMMWV көліктері, танкке қарсы қолданатын Javelin қаруы мен тағы басқа техника мен оқыту-үйрету қызметтері бар.  

Фото REUTERS/Joshua Roberts/File Photo
 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу