Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақтау әкімінің орынбасары тағайындалған күннің ертеңінде жұмыстан шықты

Оқиға
Ақтау әкімінің орынбасары тағайындалған күннің ертеңінде жұмыстан шықты

Ақтау әкімінің орынбасары Әсет Шопанов өз еркімен қызметінен кетті. Бұл туралы Ақтау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Еске салайық, мас кезінде көлік айдап ұсталған шенеунік әкімнің орынбасары болғанын хабарлаған едік. Алдын ала мәлімет бойынша, былтыр мамырда Әсет Шопанов мас күйде көлік айдаған. Оны жергілікті полиция ұстаған. Ол кезде Шопанов Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы қызметін атқарып жүрген. Сот шешімімен шенкунік 15 тәулікке қамауға алынып, жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылған еді. Оның жаңа лауазымға тағайындалғаны қоғамда дау туғызды. Нәттжесінде Әсет Шопанов өз еркімен жұмыстан кетті. 

«Әсет Шопанов 3 наурызда Ақтау әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Келесі күні, 4 наурызда ол жұмыстан шықты», - деп хабарлады әкімдіктегілер. 

Фото: Gov.kz  

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу