Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақтаудағы ұшақ апатынан аман қалған бортсерік қыз 1 жылдан кейін күтпеген әрекетке барды

Әлем
Ақтаудағы ұшақ апатынан аман қалған бортсерік қыз 1 жылдан кейін күтпеген әрекетке барды
Malim.kz коллажы

Ақтау маңында AZAL әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырағанына бір жыл толған соң, сол қайғылы оқиғадан тірі қалған бортсерік Айдан Рагимли қайтадан өз жұмысына оралды, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазіргі таңда Айдан Рагимли қызметін бұрынғыдай жоғары кәсіби деңгейде, үлкен жауапкершілікпен атқарып жүр. Бұл дерек AZAL әуе компаниясының әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланған бейнероликте айтылды.

Бейнежазба сипаттамасында:

"Кейде сезімді сөзбен жеткізу мүмкін емес, алайда өмір жолы жалғаса береді. J2-8243 Баку-Грозный рейсі Айдан Рагимлидің өмірінде мәңгілікке сақталатын ерекше сәт болды. Бүгінде ол бастан өткергенін жүрегінде сақтай отырып, өмірдің алға жылжитынын түсініп, өз ісіне қайта оралды", – деп жазылған.

Еске салайық, әуе апаты 2024 жылдың 25 желтоқсанында Ақтау қаласы маңында болған. AZAL әуе компаниясының Баку-Грозный бағытындағы жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, бортта болған 67 адамның 38-і қаза тапқан еді. Қайғылы оқиғадан 29 жолаушы, оның ішінде экипаж мүшелері де аман қалған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу