Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақтөбе облысында ауыл клубы шатырын жөндеуге 6 млн теңге бөлінді

Қоғам
Ақтөбе облысында ауыл клубы шатырын жөндеуге 6 млн теңге бөлінді

Ақтөбе облысы Байғанин ауданы мәслихатына Көлтабан ауылдық округі Жарлы ауылдық клубының шатырын жөндеуге қажет деген негізде бюджеттен 6 миллион 100 мың теңге қаражат бөлу туралы ұсыныс түскен, деп хабарлайды Malim.kz.

Аталған ұсынысты қарау барысында Жарлы ауылдық клубының шатырының жарақты күйде екендігі және ешқандай жөндеу жұмыстарын қажет етпейтіндігі ал, клубтың осы кезге дейін қабырғасының зақымданған сыртқы қаптамасы демеушілікпен толықтай қалыпқа келтірілігендігі анықталды, деп жазды депутат Қайрат Ізтұрғанов.

Сонымен қатар, оның жазуынша, қаражат сұраушының тарапынан 6 миллион 100 мың теңге қаражаттың жұмсалуын дәлелелдейтін бірде бір құжат депутаттардың назарына ұсынылмаған.  Соған қарамастан мәслихаттың 8 депутатының қолдауымен 6 миллион 100 мың теңге бюджет қаражатының ешқандай негізді, дәлелді құжатсыз бөлінуіне жол берілген.

Көлтабан ауылдық округі Жарлы ауылдық клубының әп-әдемі болып орнында тұрған шатырын жөндеуге 6 миллион 100 мың теңге қаражат бөлдік, деп жазды депутат.

Фото: instagram/kairatadvokat

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу