Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Арқалықта екі мылтық ұрлаған адам қолға түсті

Құқық
Арқалықта екі мылтық ұрлаған адам қолға түсті

Арқалықта полицейлер азаматтық қаруы бар сейфтің ұрлығын ашты, деп хабарлайды Malim.kz.

Облыс полициясының мәліметінше, қылмыс күдігі бойынша криминалдық полиция қызметкерлері бұрын сотталған 34 жастағы Арқалық қаласының тұрғынын анықтап, ұстаған.

Ол Ашутасты ауылының тұрғынының үйінен 12 калибрлі екі мылтығы бар сейфті ұрлап әкеткен.

Қару заңға сәйкес сақталды, қабырғаға және еденге бекітілген сейфте болған. Күдікті қылмыс жасағанын мойындады, ұрланған мүлік тәркіленді. Ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына орналастырылды, деп жазылған полиция хабарламасында.

Қазір оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. Қаруды ұрлау ауыр қылмыс болып табылады,оның жазасы 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделеді.

Фото: instagram/polisia_kostanay

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу