Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Астана Арена» стадионын жөндеуге бюджеттен 15 млрд теңге жұмсалған

Спорт
«Астана Арена» стадионын жөндеуге бюджеттен 15 млрд теңге жұмсалған

«Астана Арена» стадионында ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстарға бюджеттен 15 миллиард теңге бөлінді, деп хабарлайды Malim.kz.
Қаражат инфрақұрылымға да, техникалық жабдықтарға да жұмсалған. Себебі жөндеу жұмыстарына дейін стадионның шатырынан су ағып, ішке кіретін кезде ескі жүйенің кесірінен адамдар сағаттап кезекте тұратын. Одан қалды инженерлік желілер әбден ескіріп, желдету және өрт қауіпсіздігіне қатысты мәселелер жиі туындаған. Бұған газон жабындысының тым қатты болғанын әрі хабарландыру мен трансляцияның анық естілмейтінін қосыңыз.
Астана қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, стадион енді УЕФА мен ФИФА ойындарын өткізуге толық дайын. 
Осылайша, былтырғы маусымды Алматыда өткізуге мәжбүр болған «Астана» клубы жаңа маусымда қарсыластарын өз алаңында қабылдайды. 
Қазақстан құрамасы да әлем чемпионатына іріктеу матчтарын елорда төріндегі стадионда өткізеді.
Фото: ҚФФ

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу